Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


ОҚУ ҮШІН БАғАлАУ ЖәНЕ ОҚУдЫ БАғАлАУ



Pdf көрінісі
бет95/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   336
ОҚУ ҮШІН БАғАлАУ ЖәНЕ ОҚУдЫ БАғАлАУ
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе 
ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның ар-
тында  тек  қана  объективті  немесе  жеткілікті  дәрежеде  объективті  емес  нормалар  мен 
стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, 
сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты 
құндылықтар жатады (Александер, 2001).
Бағалау  –  одан  арғы  оқу  туралы  шешім  қабылдау  мақсатымен  оқытудың  нәтижелерін 
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  арасындағы  айырмашылық  1960  жылдар-
дан  бастап  белгіленген,  бірақ  берілген  екі  терминнің  мәні  нақты  анықталмаған.  Іс  жүзінде 
нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды 
оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану болып табыла-
тын оқу үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген. 
Оқытуды,  оқытуда  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді  жақсарту  мүмкіндіктерін  және  осы 
мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін  анықтауға  бағытталған  бағалау  қалыптастырушы 
немесе  оқу  үшін  бағалау  (ОүБ)  деп  аталады.  Мұғалімдерді  және  әдістеме  жасаушылар-
ды  ақпараттандыру  мақсатымен  1989  жылдан  бастап  жұмыс  жүргізген  Ұлыбритания 
академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы 
«Оқу үшін бағалау» (ОүБ) деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде Оқу үшін бағалау 
ұғымы дербес тұжырымдама ретінде кеңінен тарала бастады.
Егер  бағалау  мақсаты  баға  қою,  сертификаттау  немесе  оқытудың  алға  жылжуын  тіркеу 
үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық 
болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, 
мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын 
мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз 
ету  керек, яғни  бұл ақпараттың  мазмұны мен оның  қандай жағдайларда жиналғанын  қатаң 
қадағалау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет