Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)



Pdf көрінісі
бет113/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)
Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білім (ТБ) мен пәндік білімнің (ПБ) 
өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына 
ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, 
алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті 
қамтамасыз  ете  алады.  Мұғалім  өзі  сабақ  беретін  пәнді  ғана  емес,  оқыту  технологияларын 
қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.
Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында интернет желісінде қолжетімді көптеген 
модельдеулер  (симуляциялар)  бар.  Модельдеу  (симуляция)  олардың  әрекет  етуі  туралы 
мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми модельдеу үшін 
жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжам-
ды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе, 
оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның 
қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ 
болғанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет