Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)



Pdf көрінісі
бет111/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)
Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал-
дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің 
біртұтастығы  болып  табылады  (Shulman,  1986).  Жаратылыстану  ғылымдары  саласындағы 
білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті 
түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас байланы-
ста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі 
ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу 
үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.
БПА  аналогия,  суреттеу,  мысалдар,  түсіндіру  және  көрсету  сияқты  ғылыми  идеяларды 
ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын қамтиды. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды 
түсінікті  жолмен  көрсету  әрі  ұсыну  тәсілі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  білімдердің 
педагогикалық  аспектісі  мұғалімге  оқушылардың  жекелеген  тақырыптарды  оңай  не  қиын 
меңгеруінің  себептерін  түсінуге  көмектеседі.  Бұл  себептер  кей  жағдайларда  оқушылардың 
ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі 
оқушылардың  мектепке  өз  наным-сенімдерімен  немесе  теріс  ұғымдарымен  келетіндігімен 
түсіндіріледі.


59
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет