Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет13/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

БАғдАРлАМА МАЗМҰНЫ
Бұл Бағдарламаның негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін 
жетілдіріп  бағалауға  көмектесу.  Сондықтан  оқыту  мен  оқудың  қазіргі  заманғы  әдістері 
оқытушының күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. 
Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның 
негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен 
кіріктіру  болып  табылады.  Яғни,  студенттер  педагогиканың  тиісті  аспектілеріне  қатысты 
ғылыми  (зерттеу)  материалдармен  танысатын  болады.  Мұндай  жұмыс  тыңдаушылар 
Бағдарламаға енгізілген оқыту мен оқудағы стратегиялар мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, 
зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. 
Оқуға арналған негізгі материалдар «Студентке арналған нұсқаулық» және үлестірме ма-
териалдар  болып  табылады.  Құрылымдалған  үлестірме  материалдар  мен  қосымша  онлайн-
материалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған 
материалдар Үшінші деңгей бағдарламасының біртұтас оқу-әдістемелік кешенін құрайды. Со-
нымен қатар қажет болған жағдайда және кәсіби қажеттіліктеріне қарай тыңдаушылар Үшінші 
деңгей  бағдарламасында  пайдаланылған  және  ұсынылатын  әдебиеттерді  өз  беттерінше  оқи 
алады. 
«Студентке  арналған  нұсқаулықта»  негізгі  материал  тиісті  сабақтарда  қарастырылатын 
жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайда-
ланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, 
олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет