Жоғарыда айтылғандардың негізінде Үшінші деңгей бағдарламасы: 1) оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға
қамқорлық көрсете отырып,ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;
2) әрбір оқушының пән туралы түсінігін қалай құрылымдауқажеттігінойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын; сондай-ақ
оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуы мақсатында мазмұнға
сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерді;
3) оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен
оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың
игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет
жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыс критерийлері арасындағы
алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерді;
4) бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеялар-
ды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып,
тереңдетіп бере алатын, дайынбілім мен идеяларды ұсынбай, сол білім мен идеяларды оқушылардың өздерініңқұруына түрткі болатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған.