әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін аса маңызды Пікірталас пен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында
балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық
түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл –
мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе «интерактивті»
оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданатын
«диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008).
дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама
берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында
тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, бала-
малы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі.
Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі
оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.
Сұрақ туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар
мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер
оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы
сын тұрғысынан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің
жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы.
Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтады, олар:
• әңгіме-дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды
қаламайды;