< Бұлт >
LG қолданбаларында бұлт қызметін жылдам әрі оңай пайдалану үшін
бұлт есептік жазбасын қосыңыз.
< Арнайы мүмкіндіктер >
Телефонда орнатылған арнайы мүмкіндіктер қосылатын модульдерін
реттеу үшін
Арнайы мүмкіндіктер параметрлерін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: таңдау мүмкін болуы үшін қосымша қосылатын
модульдерді қажет етеді.
< Бір қолға арналған әрекет >
Нөмір теру пернетақтасы – теру пернетақтасын құрылғының оң не сол
жағына жылжытуға мүмкіндік беруге белгілеңіз. Бір не екінші жағына
жылжыту үшін көрсеткіні түртіңіз.
Баптаулар
105
LG пернетақтасы – пернетақтаны құрылғының оң не сол жағына
жылжытуға мүмкіндік беруге белгілеңіз. Бір не екінші жағына жылжыту
үшін көрсеткіні түртіңіз.
Экранды құлыптау – PIN құлыптаулы экран пернетақтасын құрылғының
оң не сол жағына жылжытуға мүмкіндік беру үшін белгілеңіз. Бір не екінші
жағына жылжыту үшін көрсеткіні түртіңіз.
Анықтама – бір қолға арналған әрекетке қатысты ақпаратты көрсетеді.
< Жылдам перне >
Экран өшіп немесе құлыптанып тұрғанда «Дыбыс деңгейі» пернелерін
басып тұрып, қолданбаларға жылдам өтіңіз. Экранның үстіңгі оң жақ
бұрышындағы «Жылдам перне» қосқышын (Жылдам перне қосқышының
суреті) түртіп, оны
ҚОСУ немесе ӨШІРУ күйіне ауыстырыңыз.
< Қауіпсіздік >
Мазмұнды құлыптау – Галереядағы файлдарды құлыптау үшін құлыптау
түрлерін таңдаңыз. Біреуін таңдаңыз:
Кілтсөз немесе Үлгі.
Телефонды шифрлау – телефондағы деректерді қауіпсіздік
үшін шифрлауға мүмкіндік береді. Телефонды қосқан сайын оны
шифрсыздандыру үшін сізден PIN не құпия сөз енгізу қажет етіледі.
SD карта қоймасын шифрлау – SD карта қоймасын шифрлауға
және деректерді басқа құрылғылар үшін қол жетімді емес етіп сақтауға
мүмкіндік береді.
SIM картасының құлпын реттеу – Micro-USIM картасының құлпын
орнатады немесе Micro-USIM картасының PIN кодын өзгертеді.
Кілтсөзді көрсетіп теру – терген кезде жасырын кілтсөздің соңғы
таңбасын көрсету.
Телефон әкімшілері – телефон әкімшілерін көру немесе ажырату.
Белгісіз көз: Play store қызметінен алынбаған қолданбаларды орнатудың
әдепкі параметрі.
Қолданбаларды растау – зиян келтіруі мүмкін қолданбаларды орнатудан
бұрын рұқсат етпеу немесе ескерту.
106
Сақтау орнының түрі – тек бағдарлама
Сенімді тіркелгі деректері – сенімді CA куәліктерін көрсетеді.
Сақтау орнынан орнату – шифрланған сертификаттарды орнату үшін
таңдаңыз.
Тіркелгі деректерін тазалау – барлық куәліктер жойылады.
< Guest mode > (Қонақ режимі)
Құпиялылығыңызды қорғау немесе кейбір қосымшаларда балаларыңызға
шектеу үішн қонақ режимін пайдалануға болады.
Телефоныңызды басқаларға бергенде, көрсетілетін қолданбаларды
шектеп қоюға болады.
Алдын ала қонақ режимін орнатып, опцияларын реттеңіз.
< Ишараттар >
Кіріс қоңырауына жауап беру – келген қоңырауға автоматты түрде
жауап беру үшін телефонды құлағыңызға жақындатуға мүмкіндік беруге
белгілеңіз.
Қоңырау үнін басу – келген қоңырау үнін бәсеңдету үшін тегіс беттен
телефонды алуға мүмкіндік беруге белгілеңіз.
Кіріс қоңырауы күтуде – келген қоңыраулардың дыбысын өшіру үшін
телефонды жабуға мүмкіндік беруге белгілеңіз.
Дабылды қоя тұру не тоқтату – дабылды қоя тұру немесе тоқтату үшін
құрылғыны жабуға мүмкіндік беретін құсбелгі.
Видеоны тоқтата тұру – қазір ойнап тұрған бейнені кідірту үшін
құрылғыны жабуға мүмкіндік беруге белгілеңіз.
Анықтама – құрылғыңыздың қимылдар мүмкіндіктерін пайдалану
жолдары туралы анықтамалық нұсқаулықты ашады.
Қозғалыс сенсорын мөлшерлеу – сенсордың еңкейту және жылдамдық
дәлдігін жақсартуға мүмкіндік береді.
< QuickCircle жинағы >
QuickWindow жинағын пайдаланғанда музыка, ауа райы және сағат
сияқты мүмкіндіктерді кішігірім көріністе қол жетімді ету үшін іске қосыңыз.
Баптаулар
107
< Қос терезе >
Екіге бөлінген экранды бір уақытта көруге болады.
1. Экранды бөлу үшін артқа түймесін басып тұрыңыз.
2. Пайдаланғыңыз келген қолданба белгішесін түртіңіз немесе алып
барыңыз.
– Екі экранды ауыстыру.
– Қолданбалар тізімін көру.
– Толық экранды ашу.
– Соңғы қолданбаны жабу.
Көріністі бөлу – қос терезелерді автоматты түрде іске қосу үшін толық
экрандағы сілтемені немесе электрондық хабарлардағы тіркемені түрту
құсбелгісі.
Анықтама – қос терезені пайдалану туралы кеңестерді көрсету.
< Күн және уақыт >
Күндер қалай көрсетілетінін орнату үшін
Күн және уақыт параметрлері
тармағын пайдаланыңыз. Сондай-ақ, осы параметрлерді ұшқыр желіден
алынған ағымдағы уақыттан басқа өзіңіздің жеке уақытыңызды және
уақыт белдеуін орнату үшін пайдалануыңыз мүмкін.
< Сақтау орны >
ІШКІ САҚТАУ ОРНЫ - ішкі сақтау орнын пайдалану мәліметтерін көріңіз.
< Батарея >
БАТАРЕЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Батареяны зарядтау туралы ақпарат батарея сызбасында қалған
зарядтың пайыздық көрсеткіші мен оның күйімен бірге көрсетіледі.
Батарея пайдалану деңгейі мен батарея пайдалану мәліметтерін көру
үшін батарея пайдалану экранын көрсететін батарея зарядтау белгішесін
түртіңіз. Ол батарея қуатын ең көп пайдаланатын компоненттер мен
қолданбаларды көрсетеді. Қосымша ақпаратты көру үшін жазбалардың
біреуін түртіңіз.
108
Күй жолағындағы батарея пайызы — батарея белгішесінің жанындағы
күй жолағынан батарея заряды пайыздық көрсеткішін көрсетуге арналған
құсбелгі.
БАТАРЕЯ ҚУАТЫН ҮНЕМДЕГІШ
Қосу не өшіру үшін батарея қуатын үнемдегіш қосқышын түртіңіз. Мына
параметрлерге өту үшін батарея қуатын үнемдегішті түртіңіз:
Батарея сақтаушыны қосу – батарея қуатын үнемдегішті автоматты
түрде қосатын батарея зарядының пайыздық деңгейін орнатады. Дереу,
10% батарея, 20% батарея, 30% батарея және 50% батарея арасынан
таңдаңыз.
БАТАРЕЯ ҮНЕМДЕУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Автосинхрондау – батарея қуатын үнемдегіш іске қосылғанда авто
синхрондауды белгілеңіз.
Wi-Fi – батарея қуатын үнемдегіш іске қосылғанда деректер
пайдаланылмаса, Wi-Fi өшіру үшін белгілеңіз.
Bluetooth – батарея қуатын үнемдегіш іске қосылған кезде қосылмаса
Bluetooth өшіру үшін белгілеңіз.
Түрткен кездегі діріл – батарея қуатын үнемдегіш іске қосылғанда
түртуге реакцияны өшіру құсбелгісі.
Жарықтығы – батарея қуатын үнемдегіш іске қосылғанда экран
жарықтығын орнату үшін белгілеңіз. Параметрді өзгерту үшін опциясын
түртіңіз.
Экран жарығының өшу уақыты – батарея қуатын үнемдегіш іске
қосылғанда экран уақытының бітуін орнату үшін белгілеңіз. Параметрді
өзгерту үшін параметрлер белгішесін түртіңіз.
Хабарландыру LED индикаторы – батарея қуатын үнемдегіш іске
қосылғанда хабарландырулардың ЖШД жарығын өшіру үшін белгілеңіз.
Анықтама – батареяны үнемдеу элементтері туралы ақпаратты көрсету.
Баптаулар
109
< Зерделі тазалау >
Телефондағы пайдаланылып жатқан және бос сорынды көрсетеді.
Хабарландыру аралығын және бос уақыт кезеңін орнату үшін экранның
жоғарғы оң жақ бұрышында (... белгішесін) түртіңіз.
< Қолданбалар >
Қолданбаларды көріңіз және басқарыңыз.
< Әдепкі хабар алмасу қолданбасы >
Әдепкі қолданба ретінде
Хабар алмасу немесе Hangouts қолданбасын
орнатыңыз.
< Сақтық көшірме және қайта орнату >
Параметрлер мен деректерді басқару үшін параметрлерді өзгертіңіз.
Деректерге резервтік көшірме жасау - Google серверіне параметрлер
мен қолданба деректерінің сақтық көшірмесін жасау үшін орнатыңыз.
Есептік жазбаның сақтық көшірмесін жасау – есептік жазбаның сақтық
көшірмесін жасау үшін орнатыңыз.
Автоматты қалпына келтіру - қолданбаларды құрылғыға қайта
орнатқанда, параметрлерді және қолданба деректерін қалпына келтіру
үшін орнатыңыз.
LG сақтық көшірме қызметі – барлық ақпараттың сақтық көшірмесін
құрылғыңызға сақтайды және оны деректер жоғалғанда немесе
ауыстырғанда қалпына келтіреді.
Зауыттық деректерді қалпына келтіру - параметрлерді зауыттық әдепкі
мәндеріне қайтарады және барлық деректерді жояды. Егер телефонды
осы әдіспен қалпына келтірсеңіз, сізден алғашқы рет Android жүйесін
қосқанда сұралған ақпаратты қайта енгізуіңізді сұрайды.
110
< Басып шығару >
Бұлттан басып шығару – принтерлер іздеу үшін түртіңіз. Экранның
үстіңгі оң жақ бұрышындағы «Бұлттан басып шығару»
опциясын түртіп, оны
ҚОСУ не ӨШІРУ күйіне ауыстырыңыз.
< Телефон туралы >
Құқықтық ақпаратты қараңыз, телефон күйін және бағдарлама нұсқасын
тексеріңіз.
Баптаулар
111
«LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралы — USB кабелі немесе
Wi-Fi байланысы арқылы құрылғыны компьютерге қосуға көмектесетін
бағдарлама. Қосылғаннан соң құрылғының функцияларын компьютерден
пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралы арқылы
мыналарды орындауға болады...
•
Мультимедиалық мазмұндарды (музыка, фильм, суреттер)
компьютерден басқарып, ойнату.
•
Мультимедиалық мазмұндарды құрылғыға жіберу.
•
Құрылғы мен компьютердегі деректерді (кестелерді, контактілерді,
бетбелгілерді) синхрондайды.
•
Құрылғыдағы қолданбалардың сақтық көшірмесін жасау.
•
Құрылғыдағы бағдарламалық құралды жаңарту.
•
Құрылғының деректерінің сақтық көшірмесін жасап, қалпына келтіру.
•
Компьютердегі мультимедиалық мазмұнды құрылғыңыздан ойнату.
•
Құрылғыда жаднамалар жасау, өзгерту және олардың сақтық
көшірмелерін жасау
ЕСКЕРТПЕ: «LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралын
пайдалану жолын табу үшін қолданбадан Анықтама мәзірін
пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын орнату
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын LG веб-бетінен
жүктеп алуға болады.
1
www.lg.com мекенжайына кіріп, қажетті елді таңдаңыз.
2
Support (Қолдау) > MOBILE SUPPORT (МОБИЛЬДІ ҚОЛДАУ)
>
LG Mobile Phones (LG ұялы телефондары) > Select the
Model (Моделін таңдау) бөліміне өтіңіз
немесе
Support (Қолдау) > Mobile (Ұялы телефон) > Select the Model
PC бағдарламалық құралы (LG PC Suite)
112
(Моделін таңдау) бөліміне өтіңіз.
3
MANUALS & DOWNLOAD (Нұсқаулықтар және жүктеп алу)
ішінен
PC SYNC (Компьютермен синхрондау) тармағын түртіп,
«LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралын жүктеп алу
үшін
DOWNLOAD (Жүктеп алу) түймесін басыңыз.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралы үшін жүйелік
талаптар
•
Амалдық жүйе: 32 биттік Windows XP (3-жаңарту бумасы), Windows
Vista, Windows 7, Windows 8
•
ОП: 1 ГГц немесе одан жоғары процессорлар
•
Жад: 512 МБ немесе жоғары ЖЖҚ
•
Графикалық карта: 1024 x 768 ажыратымдылық, 32 битті түс немесе
одан жоғары
•
Қатты диск: 500 МБ немесе одан көп бос орын (көбірек бос қатты диск
орны сақталған деректер көлеміне байланысты қажет болуы мүмкін.)
•
Қажетті бағдарламалық құрал: біріктірілген LG драйверлері, Windows
Media Player 10 немесе одан жаңа нұсқасы
ЕСКЕРТПЕ: LG біріктірілген USB драйвері
LG біріктірілген USB драйвері LG құрылғысы мен компьютерді қосу үшін
қажет және «LG PC Suite» компьютер қолданбасымен бірге автоматты
түрде орнатылады.
Құрылғыны компьютермен синхрондау
Қолайлылық үшін құрылғы мен компьютердегі деректер «LG PC
Suite» компьютердің бағдарламалық құралымен оңай синхрондалады.
Контактілердің, кестелердің және бетбелгілердің барлығын синхрондауға
болады.
Іс реті мынадай:
1
Құрылғыңызды компьютерге жалғаңыз. (USB кабелін немесе
Wi-Fi қосылымын пайдаланыңыз.)
PC бағдарламалық құралы (LG PC Suite)
113
2
Күй жолағын төмен түсіріңіз >
USB қосылған опциясын
түртіңіз >
USB қосылу әдісі опциясын, одан кейін Медиа
құрылғы (MTP) опциясын таңдаңыз.
3
Жалғағаннан кейін бағдарламаны іске қосып, экранның сол
жағындағы санаттан құрылғы бөлімін таңдаңыз.
4
Таңдау үшін
Жеке ақпарат түймесін басыңыз.
5
Синхрондалатын мазмұндарға белгі қойып,
Синхрондау
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Телефонды компьютермен синхрондау үшін компьютерге
LG PC Suite бағдарламалық құралын орнатуыңыз қажет. LG PC Suite
бағдарламасын орнату үшін алдыңғы беттерді қараңыз.
Контактілерді ескі құрылғыдан жаңа құрылғыға жылжыту
1
Контактілерді компьютермен синхрондау бағдарламасы
арқылы ескі құрылғыдан компьютерге CSV файлы түрінде
экспорттаңыз.
2
Алдымен компьютерде LG PC Suite бағдарламасын
орнатыңыз. Бағдарламаны іске қосып, Android ұялы
телефоныңызды компьютерге USB кабелін пайдаланып
жалғаңыз.
3
Жоғарғы мәзірде
телефон > Контактілерді импорттау/
экспорттау > Телефонға экспорттау тармағын таңдаңыз.
4
Файл түрін және экспорттайтын файлды таңдауға арналған
қалқымалы терезе пайда болады.
5
Қалқымалы терезеде
Select a file (Файлды таңдау) түймешігін
басыңыз, Windows Explorer пайда болады.
6
Windows Explorer бағдарламасында экспорттайтын
контактілер файлын таңдап, Ашу түймесін басыңыз.
7
Экспорттау түймесін басыңыз.
114
8
Құрылғыдағы контактілерді және жаңа контакт деректерін
байланыстыруға арналған
Field mapping (Өрісті салыстыру)
қалқымалы терезесі пайда болады.
9
Егер компьютердегі контактілердегі және құрылғы
контактілеріндегі деректер арасында қайшылық болса,
LG PC Suite бағдарламасында қажет таңдауларды немесе
өзгертулерді жасаңыз.
10
OK түймесін түртіңіз.
PC бағдарламалық құралы (LG PC Suite)
115
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын интернеттен
жаңарту
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.
lg.com/common/index.jsp сайтына кіріп, елді және тілді таңдаңыз.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, телефонның микробағдарламасын қызмет
көрсету орталығына бармастан, ыңғайлы түрде интернет арқылы ең
соңғы нұсқасына жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін
жаңарақ микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол жетімді
болады.
Ұялы телефонның микробағдарламасын жаңарту кезінде
пайдаланушының толық назары қажет болатындықтан, жалғастырмас
бұрын, әр қадамда пайда болатын нұсқаулар мен ескертпелерді
тексеріңіз. Жаңарту кезінде USB деректер кабелін алу ұялы телефонды
қатты зақымдауы мүмкін екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: LG компаниясы бағдарламалық құрал жаңартуларын
өз қалауы бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын
өзінде қалдырады және бағдарламалық құралдың ең соңғы нұсқасы
телефондардың барлық үлгілері үшін қол жетімді болатынына кепілдік
бермейді.
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын OTA (сымсыз
тасымалдау) стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефонның микробағдарламасын OTA арқылы, USB
деректер кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл
мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама нұсқасын қол
жетімді еткенде ғана қол жетімді болады.
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
116
Алдымен ұялы телефондағы бағдарламалық құрал нұсқасын тексеру
керек:
Параметрлер > Жалпы қойындысы > Телефон ақпараты >
Жаңарту орталығы > Бағдарламалық құралды жаңарту > Жаңартуды
қазір тексеру.
ЕСКЕРТПЕ: жеке деректеріңіз—соның ішінде Google есептік
жазбаңыз бен барлық басқа есептік жазбаларыңыз туралы ақпарат,
жүйе/қолданба деректері мен параметрлері, барлық жүктеп алынған
қолданбалар және DRM лицензияңыз —телефонның бағдарламалық
құралын жаңарту процесі кезінде жоғалуы мүмкін. Сондықтан, LG
компаниясы телефонның микробағдарламасын жаңартпастан бұрын
жеке деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынады. LG компаниясы
жеке деректердің жоғалуына жауапты болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндік желі қызметінің провайдеріне, аймаққа
немесе мемлекетке байланысты.
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
117
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
•
Құрылғыны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз. Бұл телефонды қауіпсіз және дұрыс пайдалануды
қамтамасыз етеді.
•
Осы нұсқаулықта берілген кейбір суреттер және скриншоттар
телефоныңызда басқа болуы мүмкін.
•
Мазмұныңыз түпкілікті өнімнен, не болмаса қызмет провайдерлері
немесе операторлары қамтамасыз еткен бағдарламадан басқаша
болуы мүмкін, Бұл мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Осы
нұсқаулықтың соңғы нұсқасын алу үшін LG веб-сайтына кіріңіз: www.
lg.com.
•
Телефон қолданбалары және олардың функциялары елге, аймаққа
немесе жабдық спецификацияларына қарай әртүрлі болуы мүмкін.
LG компаниясы LG компаниясынан басқа провайдерлер әзірлеген
қолданбаларды пайдалану нәтижесінде болған кез келген өнімділік
мәселелеріне жауапты болмайды.
•
LG компаниясы тізбені өзгерту, параметрлерді өзгерту немесе
амалдық жүйе бағдарламасын өзгерту нәтижесінде болған өнімділік
немесе үйлесімсіздік мәселелеріне жауапты болмайды. Амалдық
жүйені реттеудің кез келген әрекеті құрылғының немесе оның
қолданбаларының тиісті түрде жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
•
Құрылғымен бірге қамтамасыз етілген бағдарлама, дыбыс, тұсқағаз,
суреттер және басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін
лицензияланған. Осы материалдарды шығарып алып коммерциялық
немесе басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз, авторлық құқықтар туралы
заңдарды бұзып жатқан болуыңыз мүмкін. Пайдаланушы ретінде
мультимедианы заңсыз пайдалану үшін толығымен жауапты боласыз.
•
Хабар алмасу, жүктеу және жүктеп алу, автоқадамдастыру немесе
орынды анықтау қызметтерін пайдалану сияқты деректер қызметтеріне
қосымша ақылар алынуы мүмкін. Қосымша ақыларды болдырмау үшін
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
118
қажеттіліктеріңізге қолайлы деректер жоспарын таңдаңыз. Қосымша
мәліметтер алу үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Сауда белгілері
•
LG және LG логотипі — LG Electronics компаниясының тіркелген сауда
белгілері.
•
Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтары тиісті иелерінің
меншігі болып табылады.
DivX HD
ABOUT DIVX VIDEO: DivX
®
– Rovi корпорациясының филиалы, DivX,
LLC компаниясы жасаған сандық бейне пішімі. Бұл — DivX бейнесін
ойнататыны сынақ арқылы расталған ресми DivX Certified
®
құрылғысы.
Қосымша ақпарат және файлдарды DivX бейнесіне түрлендіретін
бағдарламалық құрал алу үшін divx.com торабына өтіңіз.
DIVX ТАЛАП БОЙЫНША БЕЙНЕ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ: осы DivX Certified
®
құрылғысы DivX талап бойынша бейне (VOD) фильмдерінің мазмұнын
ойнату үшін тіркелуі керек. Тіркеу кодын алу үшін, құрылғының орнату
мәзірінен DivX VOD бөлімін табыңыз. Тіркеуді аяқтау жолы туралы
қосымша нұсқауларды vod.divx.com торабынан қараңыз.
HD 720p дейінгі DivX
®
бейнелерін, соның ішінде, жоғары сапалы
мазмұнды ойнату үшін DivX Certified
®
сертификаты берілген.
DivX
®
, DivX Certified
®
және байланысты логотиптер – Rovi
корпорациясының немесе оның филиалдарының сауда белгілері
және оның лицензиясы бойынша пайдаланылады.
Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы
119
Dolby Digital Plus
Dolby Laboratories лицензиясымен өндірілген. Dolby, Dolby Digital
Plus және қос D таңбасы — Dolby Laboratories компаниясының сауда
Достарыңызбен бөлісу: |