ойынға деген
жақындығы болып табылады.
Балалар еңбек міндеттерін
орындай отырып, көбінесе ойын ойнап кетеді - суға түсіп жатып,
сумен ойнайды, еңбек әрекетін ойынға айналдырады және т.б.
Кіші мектеп жасына дейінгі кезеңде жұмыс үдерісін ойынға
айналдыру ниеті анық көрінеді, бірақ тіпті үлкен мектеп жасына
дейінгі балалар
да еңбек әрекеттерін немесе құралдарын
меңгермейінше, олармен ойнап, оларды ойынға айналдырады.
Және әрдайым еңбекпен байланысты ойын жағдайын қуана
қабылдайды.
Еңбек үдерісінде балалар еңбек дағдылары мен шеберлігін
үйренеді. Бірақ бұл кәсіби дағдылар емес (мысалы, металл
жонушы немесе темір ұстасы сияқты), бұл - балаға ересектен
тәуелсіз, өздігінше қалыптасуға көмектесетін дағдылар.
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі
тұрақты материалдық сыйақыға ие емес.
Баланың еңбегі ситуациялық, міндетті емес сипатқа ие, оның
болмауынан баланың дамып келе жатқан адамгершілік бейнесі
зардап шегеді, өйткені еңбек тұлғаның өмірлік маңызды
қасиеттерін дамытады.
|