207
жасына дейінгі жастағы үлкендеу балалар кейде тіпті ересек
адамның көмегіне мұқтаж болады, бірақ мектепке барар
алдында, олар өз күштерімен көп нәрсе істей алуы керек.
Шаруашылық-тұрмыстық еңбек. Бұл мектеп жасына
дейінгі баланың меңгеруге қабілеті жететін екінші еңбек түрі.
Бұл еңбек түрінің мазмұнына үйді тазалау, ыдыс-аяқтарды жуу,
кір жуу және т.б. жұмыс енеді. Егер өзіне-өзі қызмет ету еңбегі
бастапқыда тіршілікті қамтамасыз ету үшін, өз-өзіне қамқорлық
көрсету үшін жүргізілсе, онда шаруашылық-тұрмыстық еңбек
әлеуметтік бағдарға ие. Бала қоршаған ортаны тиісті түрде
қалыптастыруға және қолдауға үйренеді. Бала шаруашылық-
тұрмыстық еңбектің дағдыларын өзін-өзі қамтамасыз етуде де,
ортақ игілік үшін де қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: