Дамытушы оқыту қағидалары. Оқыту процесін баланың
потенциалдық мүмкіндіктерге бағдарды талап етеді. Қағида
негізінде жатқан заңдылыққа сәйкес оқыту - бала тұлғасының
дамуының оның ақыл есінің, еске сақтауының және басқа
психикасының жаңа қасиеттерінің пайда болуының, сонымен
бірге
қабілеттері,
қызығушылықтары,
бейімділіктерінің
қалыптасуының қозғаушы күші. Л.С.Выготский бойынша,
балада дамудың екі зонасы бар. Біріншісі - актуалды даму
зонасы - осы жасқа жеткен деңгейі. Ол, баланың нені өздігімен
орындай алатынын немесе орындай алмайтынын көрсетеді.
Дамудың актуалды деңгейі баланың бүгінгі өмірінің мазмұнын
анықтайды және баланы ертеңгі өмірге кіруіне дайындайды.
Өзекті даму зонасының айналасында кең шеңбер - ең жақын
даму аймағы пайда болады, баланың ертеңгі даму деңгейі. Ең
жақын даму аймағы - оқыту мен дамуда анықтаушы болады:
бала бұл зонада педагогпен бірігіп жасағанын, ертең ол
өздігімен жасай алады, яғни өзекті даму деңгейіне өтеді деген
сөз. «Оқыту дамуың алдында жүргенде ғана жақсы», - деп
жазған А.С.Выготский. Сондай оқыту жетілу кезеңінде, ең
жақын даму зонасында жатқан бір қатар функцияларды оятып
өмірге шақырады. (Выготский Л . С . Шығ. жинағы.: 2 т. - М.,
1982. - Т.1. - 252 б). Дамытушы оқытудың концепциясын
Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.А. Венгер жасағаны
247
көп мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде практикада іске
асып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |