С. А. Козлова, Т. А. Куликова


  арқылы баланың байқау, салыстыру, бақылау, талдау, пайымдау,  қортынды жасау сияқты қабілеттері дамиды.  Модельдеу



Pdf көрінісі
бет220/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   396
272 

арқылы баланың байқау, салыстыру, бақылау, талдау, пайымдау, 

қортынды жасау сияқты қабілеттері дамиды. 

Модельдеу    -  оқытудың  көрнекі-практикалық  әдісі.  Модель 

модельденетін  объектінің  елеулі  қасиеттерінің  жалпылама 

бейнесін  білдіреді  (бөлменің  сызбасы,  географиялық  карта, 

глобус, т.б.) 

         Д.Б.  Эльконин,  Л.А.  Венгер,  Н.А.  Ветлугина,  Н.Н. 

Поддьяковтың  әзірлеген  модельдеу  әдісі  ,  баланың  ойлау 

қабілетін  белгілі-бір  объектінің  жасырын  қасиеттерін  балаға 

түсінікті  әрі  көрнекі  түрде  жеткізетін  арнайы  сызбалар, 

модельдер арқылы дамытуға негізделген. 

         Модельдеу  әдісінің  негізінде  алмастыру  қағидасы  жатыр: 

бала  нақты  белгілі-бір  затты  басқа  затпен,  оның  суретімен 

немесе  шартты  белгімен  алмастырады.  Алғашқыда  балалардың 

алмастыру  қабілеті  ойнау  кезінде  қалыптасады  (тастар 

кәмпиттың, құм қуыршақтың тамағының орнына, ал өзі әкесінің, 

космонавттың  т.б.  орнына).  Алмастыру  тәжірибесі  сөйлеуді 

меңгеру, сурет салу барысында жиналады. 

Мектепке дейінгі педагогикада сөздерді дыбыстық талдау 

(Л.Е.  Журова),  құрастыру  (Л.А.  Парамонова),  табиғаттануды 

қалыптастыру  үшін  (Н.И.  Ветрова,  Е.Ф.  Терентьева), 

ересектердің  еңбегін  түсінуі  туралы  (В.И.  Логинова,  Н.М. 

Крылов)  т.б.  модельдері  жасалған.  Бұл  модельдердің  негізгі 

мақсаты, ол бала үшін заттардың тікелей қабылдауға келмейтін 

қасиеттерін  түсінуді,  тануды  жеңілдету  болып  табылады. 

Танылатын объектінің жасырын қасиеттері мен қатынастары өте 

маңызды.  Осының  нәтижесінде  баланың  білімі  жинақтап 

қорытудың жоғарғы деңгейіне көтеріледі, түнікке жақындайды. 

         Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  оқытуда  әртүрлі 

модельдер  түрлері  қолданылады.  Ең  алдымен,  объектінің 

бөлшектерінің  конструктивты  ерекшеліктері,  пропорциялары, 

өзара  қатынасы  қарастырылатын  заттық  модель.  Мысалы, 

механизмның  құрылымы  қағидасы  көрінетін  техникалық 

ойыншықтар,  құрылым  модельдері.  Қазіргі  уақытта,  мысалы, 




273 

сезім  мүшелерімен  (көздің,  құлақтың  құрылымы),  немесе 

организмның  ішкі  құрылымымен  (көру  қабілеті  мен  есту 

қабілетінің  мимен,  мидың  -  қозғалыс  жүйесімен  қатынасы) 

таныстыратын  моделдер  жайлы  балаларға  арналған  әдебиеттер, 

оқу құралдары көп. Мұндай модельдерді қолдана отырып оқыту, 

балалардың  өз  мүмкіндіктерін  тануға,  өзінің  психикалық  және 

физиологиялық денсаулығына мұқият болуына үйретеді.  

       Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкен жастағыларына  

маңызды  қасиеттері  мен  қатынастары  алмастырушы  заттар, 

шартты  белгілер  арқылы  көрсетілетін    заттық-сызбалық 

модельдер  ұсынылған.  Мысалға  -  табиғат  күнтізбесі,  яғни  

балалар    табиғаттағы    болып  жатқан  құбылыстарды  арнайы 

шартты белгілермен белгілеп күнтізбе жүргізеді.   Жоспар құру 

(бөлменің,  бау-бақшаның,  қуйыршақ  бұрышының),  маршрут 

сызбасын  жасау  (үйден  балабақшаға  бару  жолы)  барысында 

педагог  балаларды  моделдеуге    үйретеді.  Заттық-сызбалық 

модельдерің  жиі  кездесетін  түрлері    сызба,  киімнің  сұлбасы. 

Мысалы,  педагог  қуыршаққа  арналған  киім  жасауды  ұсына 

отырып  балалардың  өлшеу,  киім  модельдеу    туралы  танымын 

қалыптастырады. 

Әдебиеттік шығармалардың мазмұнын талдау барысында 

О.М.Дьяченконың  ұсынған    балаларға  ертегіні  модельдеуді 

үйрету  әдісіне  жүгіну  орынды  болады.  Ертегінің  мазмұнын 

логикалық  аяқталған  бөлімдерге  бөледі,  балалар  оның  әр 

қайсысына қатысты  сызба  түрінде сурет (пиктограмма) салады. 

Нәтижесінде  апперцептивты  сызба,  яғни  шығарманың  мазмұны 

туралы  толық    түсінік  қалыптасады.  Балалар  осыған  сүйене 

отырып,    ертегінің  мазмұнын  жақсырақ  мазмұндайды    және 

фланелеграфта және т.б. көрсете алады. 

Балалардың  талдау,  салыстыру,  жалпылау,  заттың  

маңызды  емес  қасиеттеріне  мән  бермеу  дағдыларының  жақсы 

қалыптасқан  жағдайда  ғана  модельдерді  қолдану  мүмкін 

екендігін  ескеру  қажет.  Модельді  игеру  белсенді    тану,  зерттеу  




274 

іс-әрекеттерімен,  заттарды  шартты  белгілермен  алмастыра  алу  

қабілетімен тығыз байланысты. 

Ойын әдістері  және тәсілдері 

     Ойын  әдістері  мен  тәсілдерінің  артықшылық  қасиеті, 

олардың 


балалардың 

жоғарғы 


қызығушылығын, 

оң 


эмоцияларын  тудыратындығында  және  оқу  тапсырмасының 

сырттан  мәжбүрлі    түрде    емес    баланың    өз  қалауымен  зейін 

қойып  орындауына  ықпал  ететіндігінде.  Оқу  тапсырмасының 

ойын  барсында  орындалуы  жүйке  энергиясының  және  еркін 

күш-жігерінің минималды  жұмсалуына әкеледі. 

      Е.А. Флерина,  өз уақытында, ойын әдістері  мен тәсілдерінің  

оқу  тапсырмаларын  жеңіл  әрі  қызығушылықпен,  сондай-ақ 

белсенділікпен орындауға  мүмкіндік беретініне назар аударған. 

Қазіргі  заманның  зерттеулерінде  анықталғандай,  бұл  тәсілдер 

балалардың  ақыл-ой  белсенділігін  ғана  емес,  моторлық 

белсенділігін  де  бағыттауға  мүмкіндік  береді.  Моторлық 

белсенділік  білім  алуды,  меңгеруді  жеңілдететін    бай 

ассоциативты  қатынастардың  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойын 

жағдайында  қабылдау  процестері  баланың  ой-санасында 

әлдеқайда тез және нақты жүреді. 

Ойын  әдістері  және  тәсілдері  біршама    белгілермен 

сипатталады.  Ең  алдымен,  олар  оқу  әрекетін,  белгілі-бір  сәйкес 

ережелер  жүйесімен  немесе  сценариймен  жүргізілетін  шартты 

жоспарға  айландырады.  Тағы  да  бір  ерекшелігі  ол,  баланың 

ойын жағдайына толық кірісуін қажет етуі. Сәйкесінше, педагог 

та  балалармен  бірге  ойнап,  тікелей  оқыту  әсерінен,  сөгіс 

беруден, кінәлаудан бас тартуы қажет. 

  Ойын  әдістері  мен  тәсілдері  барынша  әртүрлі.  Ең  көп 

тараған түрі - дидактикалық ойын. Оған оқыту барысында екі 

қызмет    тән  болады  (А.П.  Усов,  В.Н.Аванесова).  Бірінші 

қызметі - білімді жетілдіру және бекіту. Мұнда  бала меңгерген 

білімін  сол  күйінде  емес,  ойын  жағдайына  қарай  өзгертіп, 

түрлендіріп көрсетеді, олармен опрерациялар жасауға үйренеді. 

Мысалы,  балалар  түрлі  түстерді  атай  алады    және  ажырата 




275 

 

алады, ал «Бағдаршам» дидактикалық ойынында оқыту реті жол 



ережелерін  меңгеру  арқылы  өзгереді.  Дидактикалық  ойынның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет