С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет218/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   396
жаттығулары).  Оған  жататындар:  артикуляциялық  аппаратты 

дамытуға,  мәдени-  гигиеналық  дағдыларды  қалыптастыруға 

арналған  дидактикалық  ойыншықтар  мен  т.б.  жасалатын 

жаттығулар.  Жаттығулардың  басқа  түрі  конструктивті  деп 

аталады.  Мұнда  бала  педагогтың  басқаруымен  орындаған 

тапсырмаға 

ұқсас 

жаттығуларды 



жасайды. 

Мысалы, 


бүлдіршіндер алғашында шеңбер («доп», «домалақ  жіп») сызуға 

жаттығып, содан соң оларға әуе шарларын салуды ұсынады. Ең 

соңында  бала  шығармашылық  жаттығуларды,  яғни  өзінің 

білімі  мен  танымын  үйлестіруды  қажет  ететін  жаттығуларды 

орындайды.  Мысалы,  үлкен  топтағы  балалар  жұмбақ 

құрастыруға,  әңгіменің,  ертегінің  соңын  өз  ойынан  аяқтауға, 

табиғи материалдардан ойыншықтар жасауға жаттығады. 

         Жаттығулар  бірте-бірте  күрделенетін  білім  мен  оқуға 

негізделетін  белгілі-бір  жүйемен  жүргізіледі,  сонымен  қатар 

олар  нақты  жас  мөлшеріне  арналған  бағдарламаға  сәйкес 

болады.  Жаттығулар  балаға  берілетін  білім  мен  оқудың 

сипатындағы  өзгерістердің  негізінде  ,  сондай-ақ  жаттығуларды 

орындау уақытының көбеюімен (азаюы) негізінде күрделенеді. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  оқытуда  қолданылатын 

жаттығулардың  ерекшелігі,  олардың  балаға  қызықты,  түсінікті 

болатындай  етіп  практикалық  немесе  ой  қызметіне  ендіріп 

жүргізу.  Дидактикалық  және  жылжымалы  ойындарға  жататын 

жаттығулар  ерекше  орын  алады.  Ойындық  сипаты  бар  іс-

әрекеттердің  көмегімен  балалар  жаңа  білімдерді  ерекше 

қызығушылықпен  және  жеңіл  қабылдап,  алдында  алған 




270 

білімдерін  бекітеді.  Ойын  жаттығулары  қуаныш  атмосферасын, 

эмоционалдық  көтеріңкі  сезімді  қалыптастырады.  Ол  мектепке 

дейінгі  жастағы   баланың  психикалық  денсаулығы  үшін  өте 

маңызды. 

Жаттығуларды жүргізудің  дидактикалық ережелері мынадай: 

балаларға  оқу  тапсырмасын  беріп,  не  істеу



керектігін айту ( қуыршаққа қағаздан киім жасауды

үйрену,  сөйлем  құрау,  есеп  шығару,  өсімдіктерді

отырғызу, т.б.)

Тапсырманы  орындау  үшін  қажетті  әрекеттерді



жасаудың  әдісін  ауызша  түсіндіре  отырып  көрсету

(баланың  жаттығуды  орындау  үшін  қажетті

жасалатын   іс  әректтің  алдын  ала  бейнесі

қалыптасады)  Балалардың  назарын  түсінуге  қиын

жерлеріне  аудару,  көмек  беру,  кеңес  беру.Егер  іс

әрект  әдісі  қиындау  болса,   түсіндіргеннен  соң

балаларға оны сатылап орындауға рұқсат беру.

Білім 



мен  

дағдыларды 

меңгеру 

үшін


жаттығулардың  көп  мәрте  орындалуы  қажет.  Бірақ

олар  жұмыстың  жаңа  тәсілдерін  ,  жаңа  заттық

құралдарды  енгізе  отырып   бірте  бірте  күрделенуі

қажет.Қайталау 

жаттығуларына 

балалардың

шығармашылығын  ашатын  тапсырмалар  мен

шарттарды қосу керек.

балалардың 



жаттығуларды 

орындау 


барысы

педагог  тарапынан  бақылауды  қажет  етеді,  әйтпесе

жұмыстың  қате  тәсілдері  мен  бұрмаланған

түсініктер қалыптасуы мүмкін.

Тура  бақылаудан  балалардың  өзін  өзі  бақылау 

элементтерін  дамыта  отырып   жанама  бақылауға  ауысу  (ойын 

көрінісі,  қызмет  өнімдерін  талдау  арқылы).  Тәжірибелер  мен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет