424
Оларды картоннан жасай бастайды. Пазлдардың ерекше техникасын ойлап
табу революциялық жаңалыққа айналды. Дәлірек айтқанда, бөлек элементтер
бір-біріне ілініп шағын суретті құрайтын болған. Пазлдардың мозайкадан
айырмашылығы осында болатын. Суреттердің тақырыптық диапазоны
кеңейіп, әдеби шығармалардың желісі бойынша көптеген сюжеттер
пайдаланылды.
Сөздік ойындар, оқыту мақсатының процессі ойлау
негізінде, көрнекілікке сүйенбей жүргізілетінімен ерекшеленеді.
Сондықтан сөздік ойындар орта және көбінесе үлкен жастағы
мектепке дейінгі балалармен жүргізіледі. Бұл ойындардың
арасында тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштармен байланысты
халықтық ойындар бар. Олардың бір бөлігі диалогпен құрылған
сөйлеу мәнерінің бейнелілігі арқылы, бала тәжірибесіне
жақындығы арқылы бүлдіршіндерге түсінікті болады. Сөйлеу
қабілетінің дамуы мен есту назарының қалыптасуынан басқа,
сөздік
ойындардың
көмегімен
эмоционалды
көңіл-күй
көтеріледі, ойлау операциялары жетіледі, реакция тездігі мен
әзіл-оспақты түсіну қабілеті қалыптасады.
4 - 6 жастағы балалар үшін сөздік ойындардың жаңа түрлері
әзірленуде. Балалар қызықты ойындар барысында тәрбиеші
немесе баланың жатқа оқыған өлең шумақтарын (А.С.Пушкин,
И.Никитин, И.Сурикова, С.Маршак, Д.Родари) қабылдай
отырып ойын тапсырмаларын шешеді, («Қандай жыл мезгілі?»
атты ойынында жыл мезгілін және оның белгілерін анықтайды,
«Кім боламын?» ойынында мамндықтардың атауларын атайды,
«Бұл қай кезде болады?» ойынында белгілі-бір құбылысты
анықтайды және т.б.) Мұндай ойындар поэзиялық текстты
тыңдауға үйретеді, эстетикалық сезімдерді тәрбиелейді, бейнелі
ойлау қабілетін дамытады. А.И. Сорокинаның әзірлеген жұмбақ
ойындары, пайымдау ойындары ( "Не болар еді?»)
педагогикалық маңызы жағынан кем түспейді. Олар қиялды
425
ынталандырады, логикалық ойлауды, сөйлеу мәнерін дамытады.
«Әлемде не болмайды?» кітабында (О.М.Дьяченко, Е.Л.Агаева.
— М., 1991) балаға өз ойынан ертегі шығаруға, шынайы және
жалған жағдайларды ажырата білуге үйрететін сөздік ойындар
ұсынылған.
Тапсырма
А. И. Сорокинаның «Балабақшадағы дидактикалық ойындар»
кітабымен танысыңыз (М.1982 ж); сөздік ойындар түрлерінің
сызбасын құрыңыз; сөздік ойынның өз нұсқаңызды әзірлеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: