Дидактикалық ойын құрылымы
Дидактикалық ойынның бірнеше компоненттерден тұратын
өз құрылымы бар. Осы компоненттерді қарастырайық.
Оқыту (дидактикалық) мақсаты - басқа элементтердің
барлығы бағынатын дидактикалық ойынның негізгі элементі.
Балалар үшін оқыту мақсаты ойын мақсаты ретінде
тұжырымдалады. Мысалы, «Затты дыбысынан таны» ойынының
оқыту мақсаты мынадай: есту қабілетін дамыту, балаларды
дыбысты затпен сәйкестендіруге үйрету. Ал өз кезегінде,
балаларға келесі ойын мақсаты ұсынылады: әртүрлі заттардан
шығатын дыбысты тыңдап, оларды дыбысынан анықтау, дұрыс
жауаптарды фишкалармен белгілеу.Осылайша ойын мақсатында
ойын әрекеттерінің «бағдарламасы» ашылады. Сондай-ақ, оның
көмегімен
ойын
әрекеттерін
орындау
тілегі
ынталандырылады.Ойын мақсаты әдетте ойын атауында
айтылып тұрады: «Сипаты бойынша тап», «Керісінше айт»,
«Балықты ұста», «Суретті құрастыр» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |