С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет58/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   396
Орта кәсіптік білім адамның интеллектуалдық, мәдени және

кәсіби  даму  мәселелерін  шешуге  бағытталған.    Ол  қоғамның 

және  мемлекеттің  қажеттіліктеріне  сәйкес  әлеуметтік  пайдалы 

қызметтің  барлық  негізгі  бағыттары  бойынша  білікті 

қызметкерлер мен орта буын мамандарын даярлауға, сондай-ақ, 

тұлғаның 

білім 

беруді 


тереңдетуде 

және 


кеңейтуде 

қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.  



Орта  кәсіптік  білімді  орта  арнайы  білім  беру  мекемесінде 

(училище, колледж) немесе жоғары оқу орнында жоғары кәсіби 

білімнің бірінші кезеңінде алуға болады. 

Ресейдегі  жоғары  мектеп  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  ең 

қарқынды дамып келе жатқан бөлігі болып табылады.  Ол білім 

беру 


мекемелерінің 

келесі 


түрлерімен 

ұсынылған: 

университеттер  (олар  іргелі  ғылыми  зерттеулер  орталықтары 

болып  табылады  және  түрлі  салаларда  мамандарды  даярлауды 

жүзеге  асырады),  академиялар,  институттар,  консерваториялар, 

жоғары  кәсіби  мектептер.  Жоғары  мектеп  реформасы 




68

 

мамандарды көп сатылы оқытуды енгізуге негізделген, ол білім 



берудің  мазмұны  мен  мерзімдері  бойынша  кейінгі  жалпы  білім 

беру  бағдарламалары  бойынша  жүзеге  асырылады.  Әрбір 

деңгейде  оқуды  аяқтағаннан    кейін  түлек  кәсіптік  қызметпен 

айналысуға  немесе  білім  берудің  келесі  кезеңіне  өтуге  құқық 

беретін  диплом  алады.    Мұндай  жоғары  білім  беруді  қайта 

құрылымдау 

еліміздің 

біліктіліктің 

әртүрлі 

деңгейдегі 

мамандарға  деген  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  мүмкіндік 

береді. 


Дегенмен  жоғары  білікті  мамандарды  «барлық  уақытқа» 

дайындау  мүмкін  емес  болып  отыр,  сондықтан  жоғары  оқу 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет