С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  нақты



Pdf көрінісі
бет86/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   396
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  нақты 

мақсаты  эмоционалды  сау,  жан-жақты  дамыған  бақытты 

баланы тәрбиелеу болып табылады. 


102 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу 

тұжырымдамасы 

Әр 


мақсат 

белгілі 


тұжырымдамамен 

нығайтылып, 

дәлелденеді. Және те бір мақсатта оған жетуге апаратын жолды 

түсіндіретін  бірнеше  тұжырымдамалар,  ал  әр  тұжырымдамада 

көптеген нақты бағдарлама болуы мүмкін. 

Бір  тарихи  кезең  мысалында  бір  мақсат  барысында 

балаларды  тәрбиелеу  тұжырымдамалары  қалай  өзгергендігін 

қарастырайық.  Осы  тұрғыда  біздің  еліміздегі  1917-1998  жж. 

кезең үлгі бола алады. Біздің осы уақыт бөлшегін алу себебіміз, 

дәл осы арада қоғамдық мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесінің 

белсенді 

дамуы 


байқалып, 

әлеуметтік, 

қоғамдық-саяси 

өзгерістер 

болды. 

Мұның 


барлығы 

өскелең 


ұрпақты 

тәрбиелеудің  нақты  мақсаттары  мен  тұжырымдамаларын 

түзетуге әкелмеу мүмкін емес еді. 

Елдің қоғамдық құрылысын өзгерткен 1917 ж. төңкерілістен 

кейін,  тәрбие  беру  мақсаты  анықталды  –  қоғамға  дәл  идеялық 

пайымдаулары бар, коммунистік идеалдарды сақтап қалуға және 

дамытуға дайын адам керек болды.  

Құрылып  жатқан  қоғам  тұлғаның  жан-жақты  үйлесімді 

дамуы  үшін  барлық  жағдайды  жасауға  қабілетті  деп  аталып 

өтілді.  Тәрбиелеудің  белгіленген  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін 

түрлі тұжырымдамалар әзірленді.  

1920-шы  –  1930-шы  жж.  басында  Н.К.Крупскаяның 

тұжырымдамасы  жетекші  болды.  Тұжырымдама  қойылған 

мақсатты іске асырудың негізгі бағыттарын анықтады: балаларға 

(соның  ішінде,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға)  идеялық 

бағытталғандық, ұжымшылдықты тәрбиелеу.  

Баланың  жеке  және  жас  ерекшеліктерін  ескеру  қажеттілігі 

мойындалды.  Тұжырымдама  бағдарламада  емес  (ол  кезде  бұл 

болмаған), «Әдістемелік хаттарда» нақтыланды. 

1930-шы  жж.  осы  тұжырымдамада  өзгерістер,  мақсатқа 

түзету  енгізулер  болады:  балаларды  тәрбиелеуді  құру 

ұсынылатын  «үш  кит»  қалады  –  идеялық,  ұжымшылдық, 

еңбекқорлық.  Жеке  дамытуға  бағыттау  және  тіркеу  талабы 

ақырындап 

тұжырымдамадан 

кете 


бастайды. 

Алғашқы 


бағдарламалық құжаттар, атап айтқанда,«Мектеп жасына дейінгі 

мекемелер  жұмысының  бағдарламасы»  (жоба,  1932)  және 




103 

«Балабақшаның  бағдарламасы  мен  ішкі  тәртібі»  (1934)  пайда 

болады. 

Педологияның жалған ғылым деп танылуы (1936) жеке дара 

тәрбиелеуден  ұжымдыққа  баса  назар  аударуға  ауысып  кетті. 

1930-шы  жж.  аяғында  жоғарыда  көрсетілген  ережелерге 

тұжырымдамаға 

патриоттық 

және 

интернационалдық 



тәрбиелеудің  (шын  алғанда,  интернационалдық  тәрбиелеудің 

мазмұны  көбінесе  бұрынғы  КСРО  ұлттарымен  байланысты 

болды)  талаптары  енгізіледі.  Жаңа  бағдарламалық  құжаттар 

шығады (1938, 1945). 

1950-ші  жж.  өскелең  ұрпақтың  ақыл-ойын  дамытуға  назар 

аударумен  сипатталады.  Тәрбие  беру  тұжырымдамасына  тиісті 

түзетулер  енгізіледі.  Осы  жылдары  мектепке  дейінгі 

мекемелерде  балаларды  міндетті  түрде  оқыту  енгізілді  (1953  - 

1954  жж.  бағдарламасы)  (А.П.Усова,  Е.  И.  Радина,  Р.  И. 

Жуковская, В. Г. Нечаева, Т. А. Маркова және т.б.). 

Яслилер  мен  балабақшаларды  бірыңғай  мектепке  дейінгі 

мекемеге  біріктіру  туралы  1959  жылғы  қаулы  «Жаңа  үлгідегі 

мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу және оқыту 

бағдарламасын»  жандандырды  (1962).  Кейін  бұл  Бағдарлама 

кейбір толықтыру және нақтылаулармен 1979 жылға дейін қайта 

басылып шығарылып отырды.  

Жоғарыда айтылған барлық тұжырымдар мен бағдарламалар 

бір  мақсатқа,  яғни  жан-жақты  дамыған,  үйлесімді  тұлғаны 

тәрбиелеуге  бағынды,  албелгілі  бір  уақытта  жұмыс  істеген 

Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие берудің барлық жүйесі үшін 

жалғыз және міндетті болатын. 

1980-ші  жж.  аяғындағы  қоғамдық-саяси  жағдайлар  мектеп 

жасына 

дейінгі 


балалардан 

бастап 


өскелең 

ұрпақты 


тәрбиелеудің  жаңа  тұжырымдамасын  әзірлеуді  қажет  етті. 

Тәрбиелеудің  тұлғалық  бағытталған  моделінің  тұжырымдамасы 

пайда болады (1989). Жетекші идея болып тұлғаның дербестігін, 

ерекшелігін  дамытуға  бағытталған  тәрбие  беру  идеясы 

табылады.  Жаңа  тұжырымдамада  идеялықты,  патриотизмді, 

ұжымшылдықты,  еңбекқорлықты  тәрбиелеу  талаптары  жоқ 

болды. 

Маңызды  оқиға  әлем  халықтарының  (және,  әйтеуір,  біздің 

еліміздің)  Бала  құқығы  декларациясы  мен  Бала  құқығы  туралы 

конвенцияның қабылдауы болды. Бала құқығын қорғайтын және 

анықтайтын  құжатты  жасау  талпыныстары  адамзат  дамуының 



104 

әртүрлі кезеңдерінде болды (тек кейбірін ғана көрсетейік: 

Я.А.Коменский  теориясы  —  XVII  ғ.;  Бала  құқығының 

Женева  декларациясы  —  1924  ж.;  Декларация  прав  ребенка 

Н.К.Вентцельдің  Бала  құқығы  декларациясы  —  1914  ж.).  БҰҰ-

ның  Бас  Ассамблеясы  1959  ж.  осы  маңызды  құжатты 

қабылдады. Мұнда бала маңызды құқықтарға ие екені айтылады: 

қорғалу,  әлеуметтік  қамсыздану  құқығы,  білім  алу,  ата-ана 

сүйіспеншілігі,  баспана,  оның  тұлғасына  құрмет  және  т.б. 

құқықтары. 

Әрине,  құжаттың  қабылдануы  оның  барлық  ережелерінің 

біздің  елімізде  белсенді  жүзеге  асырылатынын  білдірмейді. 

Жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалық құжаттар ғана керек 

емес  –  барлық  халықтың  және,  ең  алдымен,  педагогтердің 

педагогикалық  көзқарасын  өзгерту  қажет.  Ал  ол  үшін  уақыт 

керек.  Бірақ  оған  қарамастан,  1989  ж.  Тәрбие  беру 

тұжырымдамасында  жаңа  амалдар,  тұлғаның  дамуы  мен  оған 

құрмет  көрсетуге  үлкен  бағдар  байқалады.  Елімізде  соңғы 

жылдары  балаларды  тұлғалық  бағыттап  тәрбие  беру 

тұжырымдамасының өз шешімдерін ұсынатын жаңа вариативтік 

бағдарламалары 

пайда 


болды.Бұл 

«Радуга» 

(құраст. 

Т.Н.Доронова.  —  М., 1996  және басқа  басылымдар),  «Детство» 

(Т.И.Бабаева, З.А.Михайлова, Л.М.Гурвичтің редакциясымен. — 

СПб.,  1996),  «Развитие»  (жарияланымға  О.  М.  Дьяченко,  Н.  С. 

Варенцовамен  дайындалған.  —  М.,  1994),  «Истоки»  (М.,  1997) 

және т.б. бағдарламалары. 

Мақсат  пен  тұжырымдамалар  жас  және  мектеп  жасына 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет