108
бағдарламасында белгілі бір концепцияға қатыстылығының
дәлелдемесін табыңыз.
4.
Халық педагогикасында қалыптасқан адам идеалын
көрсететін орыс халқының мақал-мәтелдерін жинаңыз.
5.
Тәрбиенің бір заңдылығын мысалға алып, бала тәрбиесінің
тиісті стратегиясын дайындаңыз.
V I I Т А Р А У
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
Адамның денсаулығымен тығыз байланысты дене тәрбиесі
жеке тұлғаны дамытуда үлкен мәні бар. Денсаулық – адамның
дене, гигиеналық, жан дүние, әлеуметтік мәдениеті болып
табылады.
Баланың денсаулығын қорғауға, оны нығайтуға ересектер
тарапынан көп көңіл бөлінуі қажет. Өйткені бала әлі кішкентай,
үлкендердің көмегінсіз өз денсаулығын сақтап, қорғай алмайды.
Ересектер жайлы материалдық ортаны жасай алады, балаға
тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, тамақтануды, қозғалу
белсенділігін т.б. қамтамасыз етеді. Баланың денсаулығын
нығайтуға бағытталған ересектердің әрекетін дене тәрбиесінің
мазмұны құрайды. Бұл белгілі бір жағдайларда балаға дене
тәрбиесін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: