С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Дене тәрбиесінің әдістері, тәсілдері мен



Pdf көрінісі
бет91/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Дене тәрбиесінің әдістері, тәсілдері мен 

формалары  

Бірінші  топтың  міндеттері  (сауықтыру)  өмір  сүруді 

қамтамасыз  ететін  мазмұнға  ие.  Олардың  табысты  іске 

асырылуына  денсаулық,  адамның  өмірі  де  байланысты  болады.  

Бала  кіші  кезінен  бастап  оның  денсаулығын  сақтауға 

бағытталған ереркше күтімді қажет етеді. Балалардың өлімі осы 

жаста  көп  жағдайда  олардың  денсаулығына  деген  күтімнің 

болмауынан немесе жетіспеушілігінен кездеседі.  

Жасы үлкен балаларға қатысты денсаулықты күту өзектілігін 

жоймайды.  Бүгінгі  таңда  біздің  елімізде  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  денсаулықтары  туралы  мәліметтер  үрей  тудырады: 

практикалық  түрде  балалардың  14%-ының  дені  сау,  50%-ының 

денсаулықтарында кемшіліктер бар.  

Осы  топтың  міндеттерін  жүзеге  асырудың  тәсілдеріне 

гигиеналық  және  әлеуметтік-тұрмыстық  факторлар,  дұрыс 

тамақтану,  табиғаттың  сауықтыру  күші,  Өмірдің  оңтайлы 

тәртібі, дене шынықтыру жаттығулары жатады.  

Аталған  міндетті  шешуге  бағытталған  педагогикалық 

жұмысқа  балалар  өмірінің  тәртібін  ұйымдастыру,  шынықтыру 

шаралары,  қозғалысты  дамыту  бойынша  арнайы  жаттығулар 

жатады.  Балалардың  дене  тәрбиесінің  бұл  саласында  тәрбиеші 

медицина  қызметкерлерімен  үнемі  байланысты  болуды,  

олардың  ұсыныстарын  ескеріп,  балаларға  жеке  қарым-қатынас 

жарау, ата-аналармен әңгімелесуі қажет.  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет