ступенька — будет... песенка. — М., 1997).
200
дағдыландырады, эстетикалық сезімді тәрбиелейді.
Мектеп
дейінгі
мекемедегі
мерекелер
біздің
елде
қабылданғандарға сәйкес келеді. Оларды қоғамдық өмірмен
байланысты мерекелерге (23 ақпан – Отанды қорғаушылар Күні,
9 мамыр – Жеңіс Күні, 12 маусым – Ресей тәуелсіздігі Күні)
және халық пен дін дәстүріне байланысты мерекелерге (Пасха,
Масленица, Рождество, Жаңа жыл) бөлуге болады. Жергілікті
маңызы бар оқиғаларды білдіретін (Қала күні), сонымен қатар,
өзіндік, балабақшалық мерекелер де (мектепке дейінгі мекеме
мерейтойы, топтың туған күні және т.б.) болуы мүмкін.
Мерекелерді өткізу барысында тәрбие беру міндеттерінің, атап
айтқанда, адамгершілік, интеллектуалдық, сондай-ақ, дене
тәрбиесін дамыту міндеттерінің кешені шешіледі. Әрине,
эстетикалық тәрбие беру міндеттері жүзеге асырылады.
Мереке эмоционалды байытылған болуы керек. Тұрмыс-
жағдайдың көркемдігі, музыканың салтанаттылығы, жалпы
көтеріңкі көңіл-күй – осының барлығы шындық өмірдің
эстетикалық жағына деген әсерлілікті көтереді. Балалар
мерекеге белсенді қатысқысы келеді, оларды бақылаушылардың
рөлі қанағаттандырмайды. Тәрбиешіге баланың ынтасын
қанағаттандандыру мүмкіндігі мен әр баланың белсенділігіне
қажеттілік ұсынылады. Тәрбиеленушілердің әрқайсысы үшін
белсенділікті көрсету түрін дұрыс таңдап алу қажет. Біреуі
тақпақ оқиды, екіншісі ән айтады, үшіншісі билеп береді.
Балалардың ешқайсысын оның неге қабілеті бар екенін
көрсету, жалпы қуаныш атмосферасында өзін тең құқылы екенін
сезіну мүмкіндігінен айыруға болмайды.
«Истоки» атты мектепке дейінгі мекеменің бағдарламасына
(«Базисная программа развития ребенка-дошкольника». — М.,
1997) «Көркем декоративтік қызмет. Балалар дизайны» атты
бөлім енгізілді. Педагогикалық жұмыстың жаңа бағыты табиғи
қоршаған ортаға, тұрмыс дизайнына эмоционалдық қатынасын
тәрбиелеуді болжайды.
Бағдарламаның осы бөлімін іске асыру формалары әртүрлі.
Біршама ұқсасы – (қуыршақ, балалар, ересектер) интерьерді
көркейту және декоративті безендіру жағынан бірлескен-бөлек
Достарыңызбен бөлісу: