196
Эстетикалық тәрбие берудің әдістері
Көрсету тәрбие берудің әдісі ретінде эстетикалық ақиқаттың
затымен
бастапқы
танысу
барысында
пайдаланылады.
Тәрбиешіге көрсету нысанын анықтау және балалардың назарын
оларға көрсетіп жатқан нәрселерге, тыңдауға ұсынылған
заттарға аударту үшін жағдай жасау маңызды.
Осы әдістерді пайдалануда тәрбиешінің балаларға өз
сезімдерін, өзінің қарым-қатынасын көрсете білуі, сезімдерін
білдіру тәсілдерін игеруі өте маңызды.
Өлеңді оқу барысында интонациясын айқын білдіру, әдемі
затқа байланысты шынайы қуанышын білдіру, киіміндегі
ұқыпсыздықты, салақтылықты кездестіргенде шынайы ренжу, өз
сезімдерін ересектерге эмоционалды көрсету балаға әсер етудің
белсенді әдістері болып табылады, себебі балалық шақтың
ерекшелігі - еліктеушілікке негізделеді. Бейтарап, эмоциясы жоқ
тәрбиеші балада сезім, қарым-қатынасын тудыра алмайды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиешісінің, жалпы
алғанда, педагогтің де, маңызды кәсіби қасиеті – әртістік.
Иіндеттердің екінші тобы көркем қызметтің дағдыларын
қалыптастырумен байланысты.Осы міндеттерді шешу үшін
жетекшілер ретінде келесі практикалық әдістер талап етіледі:
Достарыңызбен бөлісу: