С. А. Козлова, Т. А. Куликова


байқау,  маңайында  әдемілікті  қолдау  және  жасау



Pdf көрінісі
бет151/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

байқау,  маңайында  әдемілікті  қолдау  және  жасау–  тұрмыс 

эстетикасын баланы эстетиалық тәрбиелеудің құралы етеді. 

Сөзсіз,  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  құралы 

болып табиғат саналады. Осыдан үйлесімділікті – сұлулықтың 

негізін  көруге  болады:  бояулардың,  пішіндердің,  дыбыстардың 

олардың  үйлесуіндегі  әртүрлілігі.  Өз  бетінше  табиғат  –  бұл 

баланың  жан-жақты  тәрбиеленуі  мен  дамуы  үшін  қолайлы 

жағдай. Ересек оның «тәрбие беру мүмкіндіктерін» мақсатқа сай 

пайдаланып,  балаға  көрнекі  қылып  жасағанда  ғана  ол  құралға 

айналады.  Әдемі  саябақта  бірнеше  рет  жүріп,  оның  сұлулығын 

байқамауы  мүмкін,  ал  бір  рет  қана  жүріп  өтіп,  тоқтап,  ондағы 

ағаштардың  қаншалықты  әдемі  және  ерекше  екенін,  олардың 

жоғарғы  ұшы  күнмен  қалай  сәулеленіп  тұрғанын,  жасыл  шөп 

аясында  қызғалдақтар  қандай  ашық  түсті  екенін  көруге;  құстар 

қалай  көңілді  сайрайтынын  естуге  болады.  Қысқы  мерзімде 

қардың  астындағы  ағаштар  қалай  маңғаз  екенін  тамашалауға 

болады,  ал  көшедегі  шамдардың  жарығы  барлық  айналаны 

жұмбак  етеді  және  бізді  ертегі  әлеміне  апарады.  Жоғарыда 

сипатталғандардың  барлығын  және  басқа  көптеген  нәрселерді 

баламен бірге байқаған өте маңызды. Және осы кезде көп сөздің 

де керегі жоқ. Тек поэтикалық қана болмаса. 

Есенин сөздері жаныңа тебірене еніп, эстетикалық сезімдерді 

тудырады.  Және  тәрбие  беруде  табиғат  құралдарымен  пассивті 

түрде қиялға берілу ғана емес, сонымен қатар шынайы бастама 

да керек (табиғатт ықорғау, оған көмектесу).  

Эстетикалық тәрбие берудің жағдайы мен құралы болып өнер 

табылады: бейнелеу өнері, музыка, әдебиет, сәулет өнері, театр. 

Балаларды  нағыз  жоғары  өнерге  ертеден  тарту  бала  жүрегінде 

шындықты  расында  эстетикалық  қабылдаудың  туындауына 

ықпал  етеді.  Неге  екенін  білмейміз,  бірақ  кішкентай  бала  ұлы 

суретшілердің шығармаларын  дұрыс түсінбейді, оларға ерекше, 

жеңілдетілген «өнер» керек деген пікір бар. Ал 4 жасар қыз бала 




193 

Третьяков галереясының залдары бойынша өтіп бара жатып, аяқ 

астынан  өзі,  ересектер  тарапынан  ешқандай  көмегінсіз  «Князь 

қызы  Тараканова»  атты  картинаның  қасына  тоқтайды.  Ол 

суреттелгенге  таң  қалып,  көп  сұрақтар  қояды,  суретке  қайта-

қайта  орала  береді.  Бұл  сонда  не  болды?  К.Д.Флавицкий  өз 

шығармасын  балаларға  арнамаған  еді  ғой.  Және  бірде-бір 

әдістемелік кітапта сіз оны балалармен бірге қарау ұсыныстарын 

кездестірмейсіз.  Ал  әсершіл  бала  князь  қызының  келбетінен 

қорқыныш  пен  бейнетті  байқады,  онымен  бірге  су  мен 

көртышқаннан қорқады. Өте күшті әсер. Баланы одан алшақтату 

керек  пе?  Болмас.  Өнер  күші  қыз  балада  ең  жақсы  адами 

сезімдер – бірге қайғыру мен бірге жанашырлықты оятты.  

Әуез  әлемі  бала  үшін  өте  тартымды.  Анасының  құрсағында 

жатып  болашақ  адам  музыка  дыбыстарына  еліктейді,  және  дәл 

осы  кезеңде  музыкаға  бейімділігін  қалыптастыруға  болады 

деген  пікір  бар.Баланың  қабылдайтын  және  оған  құлақ 

аударатын өнердің алғашқы түрі – бұл музыка екені сөзсіз. Бесік 

әндері әуезі,  сөйлеу  дыбыстары,  оның  тембрі  арқылы сәби  өзін 

қоршаған әлемді ажыратып, даралап қана қоймай, оны сезіне де 

бастайды. Ол біраз уақытқа дейін музыканың осы әсерін сезіне 

алмайды,  бірақ  тиісті  түрде  жауап  береді:  мұңды  әуезді  естіп, 

мұңайып  қалады,  кейде  жылап  жібереді;  көңілді,  ритмі  бар 

әуезге  күліп  жібереді,  қимылдайды.Тұлғаның  эмоциялық 

тұрпатына  музыканың  әсер  етуісөзсіз,  алайда  оның  әсер  ету 

механизмі  соңына  дейін  ашылмаған.  Біреуі  ғана  күмән 

тудырмайды  –  балаларды  халық  және  классикалық  музканың 

үздік  үлгілерімен  таныстыру  қажет.  Бұл  баланың  кішкентай 

кезінде  танысатын  өнердің  кез  келген  түріне  қатысты  болады. 

Кезінде В. Г. Белинский: «Олар үшін (балалар) жаман таңдалған 

кітаптарды оқу - ештеңе оқығаннан гөрі нашар және зиянды»», - 

деп жазды. 

Өнердің  әр  түрі  тұлғаның  дамуы  үшін  құнды.  Ғалымдардың 

аиап  өтуінше,  өнердің  белгілі  бір  түрін  бала  жасының  түрлі 

кезеңінде  әр  түрлі  қабылдайды.  Л.  С.  Выготский  «Балалық 

шақтағы  қиял  мен  шығармашылық»  атты  еңбегінде  мектеп 

жасына дейінге кезеңде балалар музыканы қабылдауға біршама 

бейім, оларға балшықтан фигура сомдау, сурет салу ынтасы тән, 

олар  сөйлеуге  үйренеді.  Баланы  эстетикалық  тәрбиелеу  мен 

дамытуға  арналған  біздің  бағдарламаларда  өнердің  әр  түрінің 

әсер етуі жеке қарастырылады. Ал сол арада кез келген өнер бір 



194 

міндетті  шешу  барысында  түрлі  өнерді  гармониялық  үйлестіру 

мүмкіндіктерін  жинақтайды.  Бейнелеу  өнері  шығармаларын 

қабылдауға,  мысалы,  музыка,  көркем  сөз  әсер  етуі 

мүмкін.Өнердің  үйлесуі  арқылы  ғана  «полифониялық  қиял» 

дами  алады  (Б.П.Юсов).  оқшауланағн  емес,  өзара  байланысқан 

өнер  негізінде  құрылған  эстетикалық  дамыту  бағдарламасы 

кішкентай  баланың  табиғатына  біршама  сәйкес  келеді 

(Н.А.Ветлугина, Е.А.Дубровская). 

Эстетикалық  тәрбие  берудің  жағдайы  мен  құралы  болып 

мектеп 

жасына 


дейінгі 

балалардың 

тәрбиешімен 

ұйымдастырылған,  сондай-ақ,  өзіндік  көркем  қызметі 

саналады.  Әрекет  етуде  баланы  тәрбиелеу  –  тәрбие  берудің 

заңдылықтарының  бірі  екені  белгілі.  Қызмет  өнердің  басқа 

түрлерімен,  мысалы,  театрландырылған  ойындар,  көркемсөз 

шығармашылығы,  музыка  ойнау,  бейнелеу  және  декоративтік-

қолданбалы  практика,  дизайнмен  тікелей  байланыста  болғанда 

ғана көркем болып табылады. 

Көркем  қызметінде,  әдетте,  шығарушы  (репродуктивтік) 

және шығармашылық фактор болады. Екеуі де қажет және өзара 

байланысты  екенін  атап  өту  керек:  бала  көрсете  білуге,  қайта 

қалпына  келтіруге  үйренбей  тұрып,  шығармашылықпен 

айналыса алмайды. 

Эстетикалық  тәрбие  берудің  жоғарыда  аталған  барлық 

құралдары  –  тұрмыс,  табиғат,  өнер,  қызмет  –  өз  бетінше  де, 

өзара  байланыста  да  тиімді  болып  келеді.  Құралдарды  таңдау 

барысында  тәрбиеші  құралдың  өзінің  ерекшелігіне,  оның 

педагогикалық  мүмкіндіктеріне  сүйенеді,  міндеттің  сипатын 

ескереді,  оны  шешу  үшін  құрал  сайланады,  және,  әрине, 

балалардың  дамуының  жас  және  жеке  ерекшеліктерін  назарға 

алады.  Соған  қоса,  әсер  ету  құралдарын  пайдалану  барысында 

шама  сезімін  ұмытуға  болмайды.  Алтын  ортасын  іздеп,  табу 

керек.  Эмоциялық  әрекет  етудің  жетіспеушілігі  сияқты,  тым 

асыра кету де даму үшін зиян. 

Түрлі құралдардың табысты үйлесу мысалын келтірейік. 

Сабақ 

Балалар залға келіп, отырады. А.Хачатурянның «Бүгінгі күні 

қыдыруға  тыйым  салынады»  пьесасының  фрагменті  (орта 



195 

бөлімі)  орындалады.  Балалар  пьесаның  қалай  аталатынын, 

авторы  кім  екенін  айтады,  музыкалық  шығарманың  сипаты 

туралы баяндайды. 

Пьеса    орындалып  болғаннан  кейін,  балалардың  назарын 

залдың шетіндегі сурет салуға қажетті барлық нәрсе орналасқан 

үстелдерге аудартады.  

Педагог: «Ал енді сендерді қыдыруға жібермеді және сендер 

жалғыздықтан  іштерін  пысып  отыр  деп  елестетіп  көріңдерші. 

Сендер  көңілсізсіңдер  және  сарғайып  отырсыңдар.  Суретке  өз 

көңіл-күйлеріңді  білдіріңдер.  Сендермен  бірге  тағы  кім  суретте 

болуы  мүмкін,  ойланыңдар.  Аспан,  жер  қай  түсті?  Жаңбыр 

аяқталып,  күннің  көзі  пайда  болуы  мүмкін  бе?  Сендерде  тиісті 

көңіл-күй  болу  үшін,  мен  пьесаны  тағы  да  ойнаймын.  Музыка 

сендерге барлығын еске түсіреді және айтады. Тек қана  мұқият 

тыңдаңдаршы:  қайталанатын дыбыстар не жайында айтады, ал 

төмен  интонация  –  мотив  –  терең  дем  алған  сияқты...  Ал 

пьесаның  соңында  музыка  қалай  «жарқырай  бастайды».  Көңіл-

күйге  сәйкес  келетін  бояуларды  таңдап  алуға  тырысыңдар»,- 

дейді. 


Музыка  ойнайды,  балалар  сурет  салады.  Сурет  салып 

болғаннан кейін, жұмыстарын стендіге орналастырады. Оларды 

талқылау  жүргізіледі.  Жұмыстарды  талқылау  барысында 

картинаның  бала  пайдаланған  көңіліне,  реңкіне  негізгі  назарды 

аударып барып, заттық бейнеленуін бағалау керек. 

Атаулы мысалда келесіні атап өту керек. Қызметтің жетекші 

(доминантты)  түрі  болып  тыңдау-қабылдау  саналады.  Көркем 

қызметтің  басқа  түрлері  оны  белсендіруге  көмектеседі.  Алайда 

оларды  сұрыптап  алу  кездейсоқ  емес,  ол  педагогикалық 

мақсатқа  сай.  Мысалы,  сурет  салу  пьесаны  тыңдау  барысында 

балалардың  эмоциялық  жағдайын  белгілі  «түс  –  көңіл-күй» 

әдістемесі 

бойынша 

түсінуге 

көмектеседі 

(Е.А.Дубровскаяның«Раз  ступенька,  два  ступенька  —  будет... 

песенка». — М., 1997 кітабын қараңыз). 

Эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің әр тобына өз әдістері 

сәйкес келеді. 

Жоғарыда 

айтылғандай, 

міндеттердің 

бірінші 

тобы 


балаларды  өнергеөнерге  баулуға,  мектеп  жасына  дейінгі 

балаларға  эстетикалық  талғамды  дамытуға,  әдемілікті  түсінуге 

бағытталған.  Осы  міндеттерді  шешудің  жетекші  әдістері  болып 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет