295
Төртінші бөлім
ӘРЕКЕТ – БАЛА ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ
XIV ТАРАУ
«ӘРЕКЕТ» ҰҒЫМЫ
Қызметтің сипаты мен шарттары
Баланың дамуы, организм белсенділігінің әлеуметтік
формасы, яғни қызмет арқылы жүреді. Бала бірте-бірте
қызметтің неше түрін меңгереді, дамудың белгілі-бір сатысында
қызметтің қандай да бір түрі жетекші қызметті атқара бастайды.
Қызметтердің жетекші түрлері арқылы бала өмірінің белгілі-бір
кезеңінде оның қарқынды дамуы, әрекеттерінің жаңа түрлерінің
қалыптасуы байқалады. Қандайда бір іс-әрекеттер мен
операцияларды меңгерудің арқасында, бала өзінің өмір сүретін
ортасының заттық әлемін басқаруда тәжірибе жинайды, өз іс-
әрекеті мен оның нәтижесін жоспарлауды және бағалауды
үйренеді, адамдармен қарым-қатынастардың нормаларын
меңгереді. Қызмет ету, баланың әлеуметтік әлемді белсенді
түрде тануына және өзінің сол әлемнің бір бөлігіне айналуына
мүмкіндік беретін құрал мен шарт болып табылады. Адамның
өзін-өзі қалыптастыруы және дамуы қызмет арқылы жүзеге
асады. Қызмет, баланың әр түрлі білімдерді меңгеруіне, өзінің
оларға қатынасын түсінуіне, қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынастарда практикалық дағдыларды игеруіне мүмкіндік
тудырады. Қызметтің әр түрі тұлғаның түрлі жақтарын
жандандырса, оның тәрбиелік әсері бір-бірімен логикалық түрде
байланысқан іс-әрекеттер кешенін педагогикалық процессте
296
қолдану барысында байқалады.
Қызмет,
әсіресе
бірлескен
қызмет,
Достарыңызбен бөлісу: |