С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет233/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

дифференциалданған деп аталады. 

Ол  педагогтың  уақытын  үнемдейді  және  балалардың  оқыту 

процесінде  тілдесуі  қамтылады.    Мысалы,  педагог  назары 

тұрақсыз  үш  баланы  біріктіріп  оларға  мозаикадан  сурет 

құрастырудан конкурсқа қатысуды ұсынады. Ал тағы қайшымен 

нашар  жұмыс  істейтін  екі  балаға  таспаларан  ертеңгі  сабаққа 

қажет  квадрат кесіп көмектесуді сұрайды. 

        Баланың  жеке  тәжірибесінің  баюында  бағаланбайтын  рөл 

оның  отбасына  тиесілі.  Педагогтың  міндеті  -    ата-ананың 

қызметін  топтағы  білім  беру  жұмысының  мақсаттары  мен 

мазмұндарымен үндес арнаға бұру болып табылады. 

Оқу жылының басында бірінші ата-аналар жиналысында ата-

аналар  осы  жұмыстың  бағыттарымен  танысады.  Кейін  оның 

мазмұны  педагогпен  әңгімелесу,  консультация  кезінде,  топтағы 




289 

 

стендке  ілген  ақпараттық  материал  көмегімен,  егер  ол 



динамикалық  болып  ағымдағы  оқиғаларды  және  нақты  білім 

мен ұсыныстар берілсе, танылады.  

       Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларға аралықтарда ата-

ананың,  отбасының  басқа  мүшелерінің  көмегіне  сүйеніп 

орындалатын  «үй  тапсырмасын»  беріп  отырған  абзал. Мысалы, 

ауа-райы туралы халық жорамалдары, жаңылтпаш, жұмбақ, өлең 

жаттау, конструктордан, қағаздан, табиғи материалдан ойыншық 

жасау және т.б.      

Тәжірибелі  педагог  балаларды  кейбір  сабақтарға  бірте-

бірте 


дайындайды. 

Мысалы, 


сабақта 

И.И.Левитанның 

«Науырыз» картинасын қарастыру алдында балаларды серуенге 

шығарып  аспанды,  қарды  бақылатқызады.  Қыстағыдан  гөрі 

аспанның  биіктегеніне,  көгергеніне,  ақ  бұлттардың  жиірек 

көшкеніне  балалардың  назарын  аудартады.  Балалармен  бірге 

батып  бара  жатқан  күннің  сәулелері  түскен  қар  қызғылттанған 

мезетті 


ұстап 

алады. 


Басқаша 

айтқанда, 

педагог 

тәрбиеленушілерді  жаңа  әсерлермен,  көріністермен,  түрлі 

объектілердің  белгілері  мен  қасиеттерімен  байытып  «Наурыз» 

картинасын  мазмұнды  қабылдауға  дайындайды.  Күнделікті 

өмірде сабақта алған білім мен машықтарды өңдеу, бекіту және 

кеңеюі жүріп жатады. Солай, мектепке дейінгі балалармен сабақ 

кезінде  мақалдармен  таныстық.  Бірақ  бұндай  мақалдың  ішкі 

мағынасын  ұғыну  –  ұзақ  процесс.  Сондықтан  тәрбиеші  кейін 

мақалдардың  мағынасын  түсініп,  балалардың  активті  сөйлеуіне 

енгізу үшін барлық лайықты жағдайларды қолданады.  

Экскурсиялар  дегеніміз  шынайы  жағдайда  балаларды 

табиғи,  мәдени  объектілермен,  үлкендердің  қызметтерімен 

таныстыруға  мүмкіндік  беретін  сабақтың  ерекше  түрі. 

Экскурсия  кезінде  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  әлемді, 

оның  түгел  әртүрлілігімен,  дамуымен,  құбылыстардың  өзара 

қатынасын,  тани  бастайды,  Екінші  кіші  жастағы  топта 

экскурсиялар мектепке дейінгі мекемелердің, ауланың ішінде, ал 

орта топтан бастап – балабақшадан тыста өткізіледі. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет