306
XV ТАРАУ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ – ӘРЕКЕТ
ЕТУ
Қарым-қатынас жасаудың рөлі
Қарым-қатынас жасау – бұл баланың алғашқы адами,
әлеуметтік қызметі. Ол оған адамдар әлеміне енуге,
эмоционалдық жағын дамытуға, өзара әрекет жасау дағдыларын
игеруге көмектеседі.
М. И.Лисина өз зерттеулерінде қарым-қатынас жасау – кез
келген қызметтің барлық құрылымдық компоненттеріне, атап
айтқанда, мотивке, мақсатқа, нысанған, тәсілдерге, нәтижеге ие
коммуникативтік әрекет ретінде дәлелдеді.
Ол қарым-қатынас жасаудың төрт түрін анықтады:
жағдаяттық-тұлғалық (эмоционалдық қатынас), жағдаяттық-
іскери (заттық-әрекет етушілік), жағдаяттан тыс-танымдық және
жағдаяттан тыс-тұлғалық –және қарым-қатынас жасаудың әр
түрі бала тұлғасының дамуына және оның әлеуметтік әлемді
тануына не беретінін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |