С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет274/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Тапсырма  

1. 


«Қоғамдастық  сапасы»,  «балалар  қоғамы»  ұғымдарының 

мағынасын түсіндіріңіздер. Ойын барысында мектеп жасындағы 

балаларға қоғамдастық қасиеттерін қалыптастуры үшін біршама 

қолайлы жағдайлар жасалатынын дәлелдеңіз. 

2. 

Сіз  практикадан  өтіп  жатқан  мектепке  дейінгі  мекемедегі 



топтың күн тәртібінде ойынның уақыты мен орны қаншалықты 

нақты  белгіленгенін  анықтаңыз.  Хронометраж  арқылы  шын 

мәнінде  жағдай  қалай,  ойынға  бөлінген  уақыт  қайда  кетінін 

анықтаңыз 

 

Балалар ойынының классификацисы 

Балалар  ойыны  –  бірқалыпты  құбылыс  емес.  Кәсіби  маман 

емес  адамның  өзі  ойындар  өзінің  мазмұнына,  балалардың 

өзбеттілігі  дәрежесіне,  ұйымдастыру  түріне,  ойын  материалына 

қарай  қаншалықты  әртүрлі  екенін  байқайды.  Педагогикада 



343 

 

ойынның  әр  түрін  балалардың  дамуындағы  қызметін  ескере 



отырып,    зерделеп,  сипаттауға,  ойынның  классификациясын 

жасауға  бірнеше  талпыныс  болған.  Бұл  ойын  табиғатын,  оның 

әр  түрінің  ерекшеліктерін  тереңірек  зерттеу  үшін,  сонымен 

қатар,  балалардың  ойынына  олардың  дамыту  әсерін  күшейте, 

тәрбие  үрдісінде  педагогикалық  сауатты  пайдалана  отырып, 

қалай ықпал етуге болатынын анықтау үшін қажет. 

Балалар 

ойынының 

көптігі 

нәтижесінде, 

оларды 

классификациялау  үшін  шығу  негіздерін  айқындау  күрделі 

болып 

табылады. 



Ойынның 

әр 


теориясында 

атаулы 


тұжырымдамаға  жауап  беретін  критерийлер  ұсынылады. 

Сонымен,  Ф.Фребель  ойын  туралы  ережені  тәрбие  берудің 

ерекше  құралы  ретінде  ұсынған  пелагогтердің  алғашқысы  бола 

тұра,  өзінің  классификациясының  негізіне  ойынның  ақылдың 

(ақыл-ой  ойындары),  сыртқы  сезім  органдарының  (сенсорлық 

ойындар),  қозғалыстарының  (моторикалық  ойындар)  дамуына 

саралап әсер ету қағидасын енгізді. 

Ойын  түрлерінің  олардың  пелагогикалық  мәніне  қарай 

сипаттамасы неміс психологы К.Гроста да бар: ерікті дамытатын 

іс-қимыл,  ақял-ой,  сенсорлық  ойындарды  К.Грос  «қарапайым 

әрекет ойындарына» жатқызады. Ойынның  екінші тобын, оның 

классификациясы  бойынша,  «арнайы  әрекет  ойындары» 

құрайды.  Осы  ойындар  түйсіктерін  жетілдіру  мақсатында 

жаттығуларды  білдіреді  (отбасылық  ойындар,  аң  аулау 

ойындары, бағып-қағу және т.б.). 

Отандық  мектепке  дейінгі  педагогикада  балалардың 

ойындағы өзіндігі мен шығармашылығы дәрежесіне негізделетін 

балалар  ойыны  классификациясы  қалыптасты.  Алғашқы  болып 

осы  қағидат  бойынша  балалар  ойынын  классификациялауға 

П.Ф.Лесгафт  келді,  кейінірек  атаулы  идея  Н.К.Крупскаяның 

еңбектерінде өз дамуын тапты.  

П.Ф.Лесгафт мектеп жасына дейінгі мерзім  - жаңа әсерлерді 

имитациялау және оларды ақыл-ой еңбегі арқылы сезіну мерзімі 

деп санады.  

Алғашқы  6-дан  7  жасқа  дейінгі  баланың  қоршаған  өмір 

туралы әсерін көрсету және түсінуіне деген ұмтылысы мазмұны 

бойынша 

имитациялық 

(еліктегіш), 

алұйымдастырылуы 

бойынша  –  ересектердің  шамадан  тыс  реттеуінсіз,  тәуелсіз 



344 

 

болып табылатын ойындарда қанағаттанады. 



Мектеп  жылдары,  керісінше,  балалар  арнайы  жасалған 

ойындарда  ынтасымен  ойнайды,  мұнда  қызмет  мазмұны  мен 

формасына  қарай  реттеледі.  сөйтіп,  П.Ф.Лесгафт  балалар 

ойынын екі топқа бөлді: имитациялық (еліктегіш) және іс-қимыл 

(ережесі бар ойындар.) 

П.Ф.Лесгафттың  ойынның  әр  түрін  белгілі  жас  мөлшеріне 

«байлау»  баланы  балабақшасыз  тәрбиелеуді  елестете  алмайтын 

заманауи  педагог  үшін  дәрменсіз  болып  көрінуі  мүмкін,  оның 

педагогикалық үрдісінде ережесі бар ойындар төменгі топтардан 

бастап лайықты орынға ие.  

П.Ф.Лесгафт «Баланың отбасылық тәрбиесі және оның мәні» 

атты  кітабында  ойынның  өз  классификациясын  ұсынған 

жылдары мүлдем басқаша жағдай болды: Ресейде балабақшалар 

өзте  аз  болды,  балалар  8  жасқа  дейін  үйінде  тәрбиеленді, 

сондықтан  іс-қимыл  ойындары  негізінен  мектеп  жасында 

басталды.  

Н.К.Крупскаяның 

еңбектерінде 

бала 

ойындары 



П.Ф.Лесгафттікіндей,  сол  қағидат  бойынша  екі  топқа  бөлінеді, 

бірақ  басқаша  аталады:  балалардың  өздері  ойлап  тапқан 

ойындар,  және  ересектер  ойлап  тапқан  ойындар.  Біріншілерін 

Н.К.Крупская олардың басты ерекшелігі – өзіндік сипатты атай 

отырып,  шығармашылық  деп  атады.  Осындай  атау  отандық 

мектепке  дейінгі  педагогика  үшін  дәстүрлі  бала  ойындары 

калссификациясында 

да 


сақталып 

қалды. 


Атаулы 

классификацияда  басқа  топты  ережесі  бар  ойындар  құрайды. 

Басқа  да  классификация  сияқты,  бала  ойындарының  осы 

классификациясы  шартты  сипатқа  ие.  Шығармашылық 

ойындарда  ойыншылардың  арасындағы  қатынастарды,  ойын 

материалын пайдалану тәсілдерін реттейтін ешбір ережелер жоқ 

деп елестету қате болар еді. Алайда осы ережелерді, біріншіден, 

балалар  ойынды  реттеуге  тырыса  отырып,  өздері  анықтайды 

(ойыннан  кейін  әрқайсысы  ойыншықтарын  жинайды;  ойынға 

уәделескенде, ойнағысы келетіндердің барлығын тыңдау керек), 




345 

 

екіншіден, оның бір бөлшегі тұйық сипатқа ие. Сөйтіп, алдында 



«Ойынға  ұрысыса  беретін  адамды  алмаймыз»  деген  ереже 

айтылмаса  да,  балалар  ойынға  баланы  алғысы  келмейді,  себебі 

ол  әрдайым  ұрыс  шығарады,  «ойнауға  кедергі  жасайды». 

Сонымен, шығармашылық ойындарда ережелер әрекетті реттеу, 

оны демократияландыру үшін қажет, алайда олар ойды табысты 

жүзеге асыру, сюжетті дамыту, рөлдерді орындау шарты ғана. 

Белгіленген ежелері бар ойындарда (іс-қимыл, дидактикалық) 

балалар  жаңа  нұсқаларды  ойдан  шығара  отырып,  жаңа  ойын 

материалын  пайдалана  отырып,  бірнеше  ойынды  біреуіне 

біріктіре  отырып,  шығармашылықты  көрсетеді  және  т.б. 

мысалы,  жоғары  топта  жаңа  ойын  –  «Зоологиялық  жаз»  атты 

жаңа  ойын  пайда  болды.  Жүргізуші  кезекпен  кішкентай 

карточкаларды  ашып,  оларды  ойынаушыларға  көрсетеді. 

Бірнеше  күннен  кейін  балалардың  біреуі:  «Бұлай  ойнау  қызық 

емес:  суретке  қарадың  да,  өз  карточкаңда  жануарды  таптың. 

Жүргізуші  карточканы  көрсетпей,  жануардың  атын  ғана 

айтсын», - дейді. Содан кейін балалар тағы басқа нұсқаны ойлап 

табады:  жүргізуші  жануар  қайда  өмір  сүретінін  және  оның  аты 

қай  әріптен  басталатынын  айтады.  Мұндай  қиындатушылықтар 

көп  болуы  мүмкін,  барлығы  ойынаушылардың  қиялына 

байланысты.  Баланың  қабылданған  ережелер  шеңберінде  ойын 

міндеттерін шешуге бағытталғандығы ғана өзгеріссіз қалады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет