С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет276/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Шығармашылық ойындар 

Шығармашылық  ойындарға  бала  өзінің  ойлап  тапқанын, 

бастамасын,  өзіндігін  көрсете  алатын  ойындар  жатады. 

Балалардың  ойындардағы  шығармашылық  көрінулері  әртүрлі: 

сюжетті ойлап табу мен ойынның мазмұнынан, ойлап тапқанын 

жүзеге  асыру  жолдарын  іздеуден  бастап  әдеби  шығармамен 

берілген рөлдерге енуге дейін. 

Балалардың 

шығармашылық 

сипатына, 

ойындарда 

пайдаланылатын  ойын  материалына  қарай  шығармашылық 

ойындаррежиссерлық, 

сюжеттік-рөлдік, 

театрландырылған, 

құрылыс материалдары бар ойындарға бөлінеді.  

Дәстүрлі 

педагогикада 

режиссерлық 

ойындар 


ойын 


347 

 

әрекетінің  ерекше  бір  түрінде  көрінбей,  сюжеттік-рөлдік 



ойындар  арнасында  қарастырылғанын  атап  өту  керек.  Соңғы 

жылдары 


режиссерлық 

ойындарды 

сюжеттік-рөлдік 

ойындардың өзіндік бір түрі ретінде сипаттайтын зерттеулердің 

пайда  болуына  байланысты,  оларды  жекешелеу  үрдісі 

қалыптасуда. Режиссерлық ойындардың негізгі ерекшелігі оның 

басымдығы  жеке  ойындар  екендігінде,  мұнда  бала  жалпы 

алғанда,  қиялдағы  жағдайды  басқарады,  барлық  қатысушылар 

үшін бәр уақытта әрекет етеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет