С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет305/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

394 

 

 



Педагогикалық жетекшілік ету 

Театрландырылған ойындарға педагогикалық жетекшілік ету 

тәсілдері  туралы  көп  пайдалы  мағлұмат  Р.И.Жуковскаяның, 

Н.С.Карпинаның,  Л.С.Фурминаның  еңбектерінде  берілген. 

Ұсынылатын  тәсілдердің  мәнін  түсіну  үшін  педагогтің 

театрландырылған  ойындарға  деген  формалды  қатынасы 

барысында  қалыптасатын  ерекшеліктерді  ескерген  жөн. 

Осындай қатынас тұрғысындатәрбиеші қызметі балаларға әдеби 

шығарма  ұсынып,  қажетті  атрибуттермен  қамтамасыз  етуден 

тұрады. Нәтижесінде, баланың басты назары өз қыстырма сөзін 

өткізіп  алмауға  аударылады!  Балалардың  іс-қимылдары, 

қозғалыстары  біртектес,  кедей,  аз  көрініс  береді.  Сәби  сөзді 

қалай айтамын, әрекетті қалай орындаймын деп ойланбайды. Ол 

ертегі, әңгіме бойына қаһарманның мінез-құлқы, оның сезімдері 

өзгеретінін  байқамайды.  Ойынды  формалды  түрде  басқарғанда 

олар  шығармашылықтан  жұрдай  болады,  ал  ол  дегеніміз, 

олардың дамытатын мәні минимумға түседі. 

Театрландырылған  ойындарды  басқару  негізіне  әдеби 

шығарма  мәтінімен  жұмыс  жасауды  жатқызуға  болады.  Р. 

И.Жуковская  педагогке  балаларға  шығарма  мәтінін  көркем, 

мәнерлі  беруге,  ал  қайталап  оқу  барысында  оларды  мазмұнын 

қарапайым  талдауға  тартуға,  персонаждар  мотивтерін  түсінуге 

әкелуге кеңес берді. 

Жоғары  топтарда  ойын  алдында  мазмұны  бойынша 

әңгімелесу 

жүргізіледі. 

Педагог 

балаларға 

мәтінді 

персонаждардың 

мінез-құлқы 

ерекшеліктері 

көрінетін 

бөлшектерге  бөлуге  көмектеседі.  Мысалы,  «Үйшік»  ертегісінде 

әр ой бөлігі жаңа персонаждың пайда болуымен байланысты. Әр 

мағыналық  үзікті  балалар  фишка  көмегімен  бекітіп  отырады. 

Содан  кейін  қағаздың  жолағын  қанша  фишка  болса,  сонша 

бірнеше  бөлшекке  бөліп,  әр  үзіктің  мазмұнын  сызба  түрінде 

бейнелеуге  болады:  пиктограмма  шығады.  Театрландырылған 



395 

 

ойын  алдында  балалар  пиктограмма  бойынша  әр  эпизодтың 



мазмұнын  модельдейді.  Мысалы,  түлкінің  пайда  болу  эпизоды. 

Осы уақытта тышқан, көлбақа, қоян, кірпі немен айналысқанын, 

түлкі  үйдің  маңайына  қалай  келгенін  және  т.б.  елестету  және 

айтып  беру  ұсынылады.  Педагог  сұрақтары  балаларға  түлкінің 

пайда болуымен үйшікте тіршілік ететіндердің мінез-құлқы мен 

көңіл-күйінде  болған  өзгерістерді  түсінуге  көмектеседі. 

Балалардың назары персонаждар не істегеніне, қалай істегеніне, 

не үшін істегеніне тікелей аударылады. 

Балаларды  образды  берудің  көркем  құралдарымен  байытуға 

этюдтер ықпал етеді. балаларға оқылған шығармадан жекелеген 

эпизодтарды  бейнелеу,  мысалы,  түлкі  мұзды  үйшікті,  ал  қоян 

қабықтан жасалған үйшікті қалай құрғанын көрсету ұсынылады. 

Ертегіде  ол  бір  сөйлеммен  ғана  беріледі,  демек,  балалар 

персонаждардың  мінез-құлқын,  олардың  диалогтарын,  сөз 

қолданыстарын  өздері  ойлап  тауып,  кейін  ойнап  беруі  қажет. 

Басқа жағдайда ертегіден кез келген оқиғаны таңдап алып, оны 

үнсіз  орайндауы  талап  етіледі.  Қалғандары  –  көрермендер 

қандай  эпизод  берілгенін  тауып  алуы  қажет.  Балалардың 

музыкалық  шығарма  фрагменттерінің  сүйемелдеуімен  қимыл 

жасайтын этюдтер қызықты. Осындай кешенді ойынның суырып 

салмалығының 

арқасынджа 

балада 

ақырындап 

көркем 

қабілеттері  пайда  болады,  онсыз  театрландырылған  ойын  бояу 

мен көркемділіктен айырылады. 

Егер  де  балада  бір  нәрсе  қолынан  келіп  жатса, 

шығармашылыққа  деген талпыныс өседі: қоянның сөзін дұрыс 

айтты,  түлкі  оны  қабықтан  жасалған  үйшіктен  қуып 

шыққандағы  мұңаюды бейнелі түрде жеткізді және т.б. Педагог 

бала қол жеткізген  нәтижелер туралы ғана айтпайды, сонымен 

қатар,  оларға  басқа  балаларды  назарын  да  аударады. 

Басқаларына  ол  еліктеу  үшін  үлгі,  белсенділікті  көрсету  үшін 

ынта бола алады. 

Ойынның  барысы  бойына  педагог  ойынап  жатқандардың 

біріеуінің 

бейнелеу 

құралдарының 

аздығын 


байқап, 


396 

 

қаһарманның  берілген  жағдайдағы  сезімдері,  көңіл-күйі  туралы 



есіне  салады,  жіберілген  дәлсіздіктерді  көрсетеді  («Түлкі,  сені 

Тырна  қонаққа  шақырғанда,  қуандың  ба?»;  «Наташа, 

Көлбақаның  үйшіктің  ішінде  табандарын  жерге  тигізбей  қалай 

жұмыс  істегенін  есіңе  түсірші»).  Сұрақтар,  кеңестер,  еске 

салулар  баланы  өзінің  ойын  мінез-құлқын  бақылауға, 

серіктестерімен ақылдасып әрекет етуге, қолдарының, басының, 

денесінің  қимылдарын,  ым-ишаратты,  сөйлеу  бейнелеу 

құралдарын  пайдалана  отырып,  рөлді  айқын  бейнелеуге 

қалыптастырады. 

Театрландырылған  ойынды  ұйымдастыру  мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  міндетті  түрде  қатысатын  шығарманы  таңдап 

алудан  басталады.  Тәрбиеші  балаларды  «Бауырсақ»  ертегісін 

ойнаған қандай жақсы екендігі туралы эмоционалды әңгімесімен 

баулиды.  Ересектеу  балалар  нені  ойнаған  дұрыс  екендігін 

белсенді  талқылайды,  өз  ойлары  мен  тілектерін  келістіреді. 

Рөлдерді  бөлу  күрделі  болмайды.  Балалар  ойын  бірнеше  рет 

қайталанатынын біледі, сондықтан әрқайсысының ұнаған рөлде 

өзін  көруге  мүмкіндігі  бар.  Жоғары  топтарда  әдетте  ойынға 

араласатын «әртістердің» екі-үш құрамы туралы келісіп алады. 

Оқиғалардың бірізділігін игеру, персонаждардың образдарын 

нақтылау    мақсатында  біртектес  көркемшығармашылық  әрекет 

ұйымдастырылады:  сурет  салу,  аппликация,  шығарма  мазмұны 

бойынша  қолдан  сомдау.  Осы  жұмыста  барлық  балалардың 

мүмкіндіктері  ашылғаны  маңызды.  Жоғары  мектеп  жасына 

деінгі  балаларға  топшамен  жұмыс  жасауға  болады  (6  адамнан 

көп емес). Әр топша тапысрма алады, мысалы, персонаждардың 

кішкентай фигураларын олармен тертегі ойнай алатындай илеп, 

жасау  керек.  Топшаның  ішінде  балалар  кім  нені  істейтіні 

жөнінде  келісіп  алады.  Қолмен  илеп  жасауды,  сурет  салуды, 

аппликацияны  болғаннан  кейін  әр  топша  өз  жұмыстары 

бойынша ертегіні көрсетеді. Сөйтіп, мәтінді арнайы есте сақтау 

қажеттілігі болмайды. 

Алдағы  ойынға  психологиялық  дайындалуға  балалардың 



397 

 

безендіру  әрекеті  қызмет  етеді:  афишаларды,  шақыру 



билеттерін, декорацияларды, костюмдерді және т.б. дайындауға 

қатысу.  Театрландырылған  ойынға  барлығы  қатысуы  үшін 

тәрбиеші  кім  көрермен  залын  дайындайтынын,  кім  спектальдің 

музыкалық  сүйемелденуіне  жауап  беретінін  (күйтаспаны  кім 

қосып, өшіріп тұрады, кім балалар оркестріне жетекшілік етеді) 

талқылайды. Педагогтің көмегімен кімді шақыратынын шешеді. 

Бұл  ата-аналар,  басқа  топтың  тәрбиеленушілері,  педагогикалық 

және 


қызмет 

көрсету 


персоналы 

болуы 


мүмкін. 

Шақырылғандарға алдын ала билет табыстайды. 

Балалар  театрландырылған  ойын  туралы  естеліктерге 

оралғанды  ұнатады,  сондықтан  мүмкіндік  болса,  оны 

фотоаапрат  немесе  бейнекамераның  көмегімен  түсіріп  алған 

жөн.  Бейнежазбаны  көру  барлығына  үлкен  қуаныш  сыйлайды, 

пікір,  әсер  алмасуға    шақырады.  Кейде  бала  өзінің 

опасыздықтарын  байқайды,  ойынның  кейбір  тұстарын  сыни 

бағалайды,  ол  ойын  іскерліктерін  одан  әрі  жетілдіруге  өте 

маңызды.  Фотосуреттерді  ойынға  қатысты  әңгімелесуде 

пайдалануға  болады,  себебі  олар  балаларға  комментарий, 

түсініктер беруге түрткі береді. 

Сонымен, педагогикалық жетекшілік етудің басты мақсаты – 

баланың  қиялын  ояту,  балалардың  өзі  тапқырлықты, 

шығармашылықты көрсетуі үшін барынша жағдай жасау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет