С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Көркем қызмет түріндегі театрланған ойындар



Pdf көрінісі
бет301/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Көркем қызмет түріндегі театрланған ойындар  

 

А.Н.  Леонтьев  драмаландырылған  ойындарды  (театрланған 



ойындар  мектепке  дейінгі  педагогикада  көпке  дейін  осылайша 

аталып  кетті)  баланың  өзгеше  «эстетикалық  әрекет  алды 

қызметіне»  жатқызады.    Бұлар  ойын  бола  отырып, 

шығармашылық  қабілеттерін  дамытады  және  көркемдік 

қызметтің ерекше түрін білдіреді. 

Балалар ойынды мазмұнынан алған әсерден, әсіресе өздерінің 

әртістігінен  мол  қуанышқа  кенелтетін  спектакль  ретінде 

қабылдайды.  Мектепке  дейінгі  балалардың  театрланған 

ойындары толық мағынада өнер деп атауға болмайды, бірақ олар 



389 

 

оған жуықтайды. Ең алдымен, спектакльді ойнауда балалар мен 



шын  әртістердің  қызметтерінде  көптеген  ортақтық  бар. 

Әртістерді  көрермендердің  пікірлері,  реакциялары  қалай 

толғандырса,  тетарланған  ойындарда  балалар  басқа  адамдарға 

тигізген  әсерлері  туралы  солай  ойлайды.  Кішкентай  әртістер 

үшін  жақсы  болып  шыққаны,  айналадағыларға  ұнағаны 

маңызды  болады.  Басқаша  айтқанда,  оларды  қол  жеткізген 

нәтижелер  толғандырады.  Ал  нәтиже  –  шығарманы  қалай 

бейнеледі,  қалай  рөлге  сомдады  деген  сөз.  Бұл  нәтиженің 

жетістіктеріне  педагогтар  мен  балалардың  назары  бағытталған. 

Шынында,  шығарманы  шығармашылық  орындауға  ұмтылу 

театрланған ойындардың тәрбиелік мәнінде жатыр. 

Театрланған ойындарда балалар шығармашылықтарының сан 

алуан  түрлері  дамытылады:  көркем  сөйлеу,  музыкалық-

ойындық,  билеу,  сахналық,  әншілік.  Тәжірибелі  педагогта 

балалар  әдеби  шығарманы  тек  рөлді  орындайтын  «әртістер» 

ретінде  ғана  емес,  сондай-ақ  спектакльді  безендіретін 

«суретшілер»  ретінде,  дыбыстық  сүйемелдеуді  қамтамасыз 

ететін «музыканттар» ретінде және т.б. көркем түрде бейнелеуге 

тырысады.  Мектепке  дейінгі  балаларды  театрланған  ойындар 

дайындау үдерісінде және оның барысында көркемдік қызметке 

қатыстыру мүмкіндіктері өте жоғары болады. Неғұрлым жоғары 

болса,  соғұрлым  педагог  шеберлігі  де  жоғары  деңгейде,  себебі 

оның  индивидуалды  ерекшеліктерінің  ашылуына  көмектесетін 

оның  шеберлігі  арқылы  балаларды  қызықтыру,  олардың 

дарындарын дамыту жеңілірек болады. 

Театрланған  ойындардың  балаларды  өнердің  түрлеріне 

(әдеби, драмалық, театрлық) тартудағы рөлін ерекше атап өткен 

жөн.  Мектепке  дейінгі  балалар  театр  өнерінің  сан  алуан 

түрлерімен  танысады.  Дұрыс  басқарған  барысында  балаларда 

әртіс,  режиссер,  театр  суретшісі,  дирижер  жұмыстары  туралы 

түсінік  қалыптасады.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалар 

спектакльді  шығармашылық  ұжым  дайындайды  дегенді  түсіне 

алады (барлығы бірге бір жұмысты – спектакль істейді). Балалар 



390 

 

театрланған ойындардағы өздерінің тәжірибелерімен ұқсастығы 



бойынша  театрдың  ойнаушы  әртістерге  де,  көрермендерге  де 

қуаныш сыйлайтынын сезеді және ұғынады. Кейінірек бұл қоғам 

өміріндегі  өнер  міндеттері  туралы  жинақталған  түсініктерін 

қалыптастыру үшін қызмет етеді.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет