С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Дидактикалық ойын түрлері



Pdf көрінісі
бет327/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Дидактикалық ойын түрлері 

 

        Заттармен дидактикалық ойындар ойындық материалдар 



бойынша,  мазмұны  мен  ойынды  жүргізуді  ұйымдастыру 

бойынша алуан түрлі болып келеді. Дидактикалық материалдар 

ретінде  ойыншықтар,  шынайы  заттар  (тұрмыс  заттары,    еңбек 

құралдары,  декоративтік-  қол  өнер  туындылары),  табиғат 

объектілері  (көкөністер,  жемістер,  шишкалар,  жапырақтар, 

ұрықтар)  қолданылады.  Заттармен  ойындар    әртүрлі  тәрбиелік-

білім  беру  мәселелерін  шешуге  мүмкіндік  береді:  балалардың 

білімдерін  кеңейту  және  бекіту,  ойлау  операцияларын  дамыту 




421 

 

(талдау,  синтездеу,  салыстыру,  ажырату,  жалпылау,  жіктеу), 



сөйлеуді  жетілдіру  (заттардың  аттарын,  олармен  жасалатын  іс-

әрекеттерді, олардың қасиеттері мен мақсаттарын атау, заттарды 

сипаттау,олар 

туралы 


жұмбақтар 

құрастыру, 

сөйлеу 

дыбыстарын дұрыс айту) тәртібін, есте сақтау қабілетін, зейінін 

тәрбиелеу.  Әр  түрлі  жастағы  балаларға  ұсынылған  бірдей 

ойындарда тәрбиелік-білім беру мақсаттары, нақты мазмұндары  

ұқсамауы мүмкін. Мысалы,  «Таңғажайып  қапшық»  ойыныныда 

кіші жастағы балалар заттардың атауларын және жеке белгілерін 

атап  үйренеді,  ал  орта  жастағы  балалар  заттарды  ұстап  көру 

арқылы анықтайды, үлкен жастағы балалар сипаттамалық әңгіме  

немесе  жұмбақ  құрастырып,  берілген  белгілер  бойынша 

заттарды жіктейді. 

       Заттармен  ойындардың  ішінде  сюжеттік-дидактикалық 

ойындар мен қойылым ойындар ерекше орын алады. Сюжеттік 

–  дидактикалық  ойындарда  балалар  белгілі  бір  рөлдерді 

ойнайды,  мысалы,  «Дүкен»  ойынында  сатушыны,  сатып 

алушыны, 

«Наубайхана» 

ойыныныда 

наубайханашыны, 

«Ателье»  ойыныныда,  тігіншілерді  және  т.б.    Қойылым 

ойындары  әртүрлі  тұрмыстық  жағдайлар  туралы  пікірлерін 

анықтауға  көмектеседі.  («Наташа  қуыршақ  ауырып  қалды», 

«Қуыршақтың бөлмесін жасау»), әдебиеттік щығармалар туралы 

(«Ертегілер  еліне  саяхат»),  тәртіп  нормалары  туралы  («Жаман, 

жақсы  деген  не?»,  «Маша  қуыршақтың  үйінде  қонақта») 

пікірлерін анықтауға көмектеседі. 

        Ұсақ қимылдардың үйлестірілуін (координациясын) дамыту 

үшін  және  оларды  көзбен  бақылау  үшін  моторлық  сипаты  бар 

дидактикалық  ойыншықтармен  ойындар  ұйымдастырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет