С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Дидактикалық ойын құрылымы



Pdf көрінісі
бет330/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   396
Дидактикалық ойын құрылымы 

       Дидактикалық  ойынның  бірнеше  компоненттерден  тұратын 

өз құрылымы бар. Осы компоненттерді қарастырайық. 



Оқыту  (дидактикалық)  мақсаты  -  басқа  элементтердің 

барлығы  бағынатын  дидактикалық  ойынның  негізгі  элементі. 

Балалар  үшін  оқыту  мақсаты  ойын  мақсаты  ретінде 

тұжырымдалады. Мысалы, «Затты дыбысынан таны» ойынының 

оқыту  мақсаты  мынадай:  есту  қабілетін  дамыту,  балаларды 

дыбысты  затпен  сәйкестендіруге  үйрету.  Ал  өз  кезегінде,  

балаларға  келесі  ойын  мақсаты  ұсынылады:  әртүрлі  заттардан 

шығатын  дыбысты  тыңдап, оларды дыбысынан анықтау, дұрыс 

жауаптарды фишкалармен белгілеу.Осылайша ойын мақсатында 

ойын әрекеттерінің «бағдарламасы» ашылады. Сондай-ақ, оның 

көмегімен 

ойын 


әрекеттерін 

орындау 


тілегі 

ынталандырылады.Ойын  мақсаты  әдетте  ойын  атауында 

айтылып  тұрады:  «Сипаты  бойынша  тап»,  «Керісінше  айт», 

«Балықты ұста», «Суретті құрастыр» және т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет