Байланысты: matematikaly olimpiada esepter 5-7 synytar-bajdovl
№60. Алдыңғы екі цифры ӛзара тең, соңғы екі цифры да ӛзара тең және
нақты санның квадраты болатын тӛрттаңбалы санды табыңдар.
№61. Диананың 10 құрбысы бар. Әр отырыстағы қонақтар
қайталанбайтындай етіп, оларды бірнеше күн Диана қонаққа шақырды. Қонаққа
шақыру неше күнге созылды?
№62. 2¹ºº санының цифрларының қосындысын, содан соң нәтиженің
цифрларының қосындысын және т.с.с нәтиженің цифрларының қосындысын
тапқанда, ең соңында біртаңбалы сан шықты. Осы санды табыңдар.
№63. Атақты орыс суретшісі Богданов-Бельскийдің «Ауызша санау »
атты картинасы бар. Онда оқушылардың есепке қызығып, ойланып тұрғандары
бейнеленген. Бұл есеп мынадай:
Сендер де бұл есепті ауызша есептеп кӛріңдер.
№64. Мына сандардың қайсысы үлкен:
немесе
№65. Арай, Құралай, Жадыра, Арман концертке қатысып, ән айтты. Әр
әнді үш қыз баладан айтты. Бәрінен ең кӛп Арай орындаған, 8 ән айтты, ең аз
орындаған Арман, 5 ән айтты. Барлығы неше ән айтылды?
№67. Тойдағы 43 адам би биледі. Бірінші бикеш 8 жігітпен, екінші бикеш
9 жігітпен, үшінші бикеш 10 жігітпен,...,ал соңғы бикеш сол тойға келген
барлық жігітпен би биледі.Тойда қанша бикеш пен қанша жігіт болған?
№68. Ойын-сауық кешінде 20 биші болған. Мария жеті жігітпен, Ольга
сегіз жігітпен, Вера тоғыз жігітпен билеген, ал Нинаның ӛзі жігіттердің
барлығымен билеген. Ойын-сауық кешінде қанша биші жігіт болған?
№69. Бауыры мен ағасының жастары бірге алғанда 35жас. Егер біреуінің
жасының жартысы екіншісінің үштен біріне тең болса, онда бауыры мен ағасы
неше жаста?
№70. 1998 жылы жасы мен туған жылының цифрларының қосындысы
тең болған адамның туған жылын анықтаңдар.
17
№12. Жас саңырауқұлақта 90% су, ал кепкен саңырауқұлақта 15%су
болады. 17 кг жас саңырауқұлақтан қанша кепкен саңырауқұлақ алуға болады?