С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет16/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

Дін жӛніндегі ілім. 
Дін әрқашанда зерттеу нысаны болды. Бҧл 
феноменді бірде-бір ойшыл елемей кетпейді. Олардың кӛбісі ӛздерінің 
барлық ғҧмырларын дін мен діншілдікті зерттеуге арнады.


20 
Ежелгі Грецияда діннің ҧтымды тәсілдерінің негіздері қалыптасты. 
Ежелгі гректер Қҧдай мен адам ҥлгісі бойынша және сол тәріздес 
қҧдайлардың (Ксенофонт) арасында нақты шек қойды. Ежелгі Грецияда 
дінге қатысты келесідей теориялар болды: 
а)
натуралистік
:
қҧдайлар маңызды табиғи және әлеуметтік 
кҥштердің аллегориясы, олардың нақты-антроморфты бейнесі болып 
табылады; 
б)
антропологиялық
:
қҧдайлар ежелгі билеушілер мен басқа да 
атақты тҧлғалардың бас иетін нысаны болып табылады
в)
саяси
:
қҧдайлар – билеушілер мен абыздардың халықты тәрбиелеу 
мен олардың тҥйсіктеріне тыйым салу мақсатындағы ойлап тапқандары, 
тҥйсігін алдаудың нәтижесі; 
г)
психологиялық
:
қҧдайлар адамдардың кӛмегімен табиғат, ӛлім мен 
ҥкімет алдындағы қорқыныш негізінде жаратылды.
Орта ғасырларда дінге сыншыл қатынаспен қарау мҥмкін емес 
жағдайға айналды. 
Теоцентризм
жалпы ортағасырлық философияны, 
моральді, ӛнерді және басқаларын қамтиды. Қандай да болмасын ақиқат деп 
танылатын діндердің дҧрыстығына адал сенуге тырысу шіркеумен және 
мемлекетпен қиылысты. Кез-келген мәселелер мен сҧрақтар діни 
жазбалардың негізінде шешілді.
Бір мезгілде діннің қағидаларына қатысы жоқ оның қҧзыреті аясын 
шектеуге және осылайша философиялық және жаратылыстану-ғылыми 
зерттеулерді шіркеудің бақылауынан алу әрекеттері жасалды: екі жақты 
шындық теориясы. 
Екі жақты шындық теориясының табиғи нәтижесі 
деизм
болып 
табылады, осыған сәйкес Қҧдай барлық жанның алғашқы жаратушысы
әлемді билеуші мен табиғи және әлеуметтік процестерге араласпайтын 
қҧдіретті кҥш иесі. Осыдан шығатыны – деистердің әр тҥрлі 
ғажайыптардан, дін басыларынан, монахтық ӛмірден бас тарту. Істің 
мәнісіне қарай, мҧндай тәсіл Қҧдайды затты туындататын және оған ӛмір 
сҥруге мҥмкіндік беретін шебердің жағдайына дейін жетуге жол бермейді.
Деизмге қарама-қайшы 
пантеизм 
теориясы бар, оның негізін 
салушылар Қҧдайды табиғатқа, ал табиғатты Қҧдайға жанастырады –

(Қҧдай – барлық затта, барлық зат - Қҧдайда, Қҧдайдан басқа ештеңе жоқ). 
Пантеизм Қҧдайды жеке тҧлға емес, ӛзін-ӛзі жаратушы, ӛзіндігі жоқ кҥш 
ретінде қабылдайды.
Діннің тҥбегейлі жаңа тәсілі неміс классикалық философиясында 
қабылданды. Қҧдайдың шынымен бар екені туралы сҧрақ адамгершілік 
аясына кӛшеді және сондықтан да діннің мәңгілік, тозақ, жҧмақ, 
қорқынышты сот немесе ақырғы заман сияқты негізін салушы 
категориялары неміс философтары ҥшін моральді тҧлғаларды даярлауға 
болатын қҧралы ретінде маңызды.
Діннің қайнар кӛздерінің тҥп тамыры практикалық тҥйсік аясына 
тереңнен жайылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет