Тәжірибелік бөлім Ағынды құрылғының сипаттамасы



бет1/3
Дата20.04.2023
өлшемі71,36 Kb.
#84858
  1   2   3
Байланысты:
2 глава


2 Тәжірибелік бөлім


2.1 Ағынды құрылғының сипаттамасы

Сұйылтылған мұнай газын алуға арналған ағынды құрылғының сызба-нұсқасы 1 суретте көрсетілген. Құрылғының негізгі бөлігі реактор (4) болып есептелінеді. Реактор қыздыру функциясына ие, реактор мен катализатор қабатындағы температура градуирленген термобулармен қадағаланады, олар бақылау-өлшеу құрылғыларында (вольтметр) тіркеледі. Ароматтау реакциясын жүргізуге арналған шикізат (1) балоннан беріледі. Реакция өнімдері бу-газ қоспасы күйінде конденсация үшін тоңазытқышқа (6) түседі, содан кейін сепаратор (7) қызметін атқаратын сұйық өінмдер жинағышқа барады. Сол бөлікте сұйық және газ тәріздес өнімдерді бір-бірінен ажырату процесі жүреді. Шикізаттың берілу жылдамдығы ротаметр (3) көмегімен бақыланады.


мұндағы: 1-шикізаты бар баллон; 2-жұқа реттеу вентильдері; 3-ротаметр; 4-реактор; 5-вольтметр; 6-тоңазытқыш; 7- сұйық өнімдерді қабылдағыш.


Сур. 1 - Зертханалық ағынды құрылғы




2.2 Қолданылатын реактивтер мен заттар

Құрамында мырыш, фосфоры бар катализаторларды дайындау үшін «АҮТ» маркалы Zn цитраты, ZnCl2∙2H2O, Zn(NO3)2∙6H2O қолданылды. Мырыштың цитрат комплексі [51] сипатталған әдістемесі бойынша алынды. Қосалқы заттар ретінде ортофосфор қышқылы Н3Р және концентрленген азот қышқылы НN («АҮТ» маркалы) қосылды.


Катализаторларды дайындау үшін қолданылған цеолиттер: SiO2 /Al2O3 (Модуль) 36,80 және 288 қатынастарында ZSM-5-нің декатионирленген формасы, НY, ZSM – 22 және клиноптиллолидтер.
Тасымалдағыш және байланыстырғыш компонент ретінде алюминий гидроксиді (Sб = 152,3 м2/г) алынып, цеолитпен араластырылды.
Зертханалық зерттеулерде сутек, аргон баллондағы газдары қолданылды. Шикізат - баллондағы сұйылтылған мұнай газы, оның құрамы келесідей өзгертіліді:

Этан 0 - 3%,


Пропан 31,9 - 33%
Изобутан 20 - 25%,
Бутан 39,5 - 40%.
И-бутилен 0 - 2 %
Бутилен 0 - 3,6%




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет