С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Анимизм 
– ӛлген адамдардың ғажайып қасиеттеріне, рух пен жанның 
болуына сену. Ақсҥйек және діни ойшылдар кӛп жағдайда анимизмды жеке 
діни наным ретінде емес, кез-келген діннің бір бӛлшегі ретінде 
қарастырады. Анимизмді жеке дін ретінде де, әр діннің қҧрама бӛлігі 
ретінде де қарастыруға болады деп ойлауға болады.
Анимизм дене ӛлімінен соң, мәңгілік жан идеясының мазмҧнын 
қамтиды. Жан мен рухтың пантеондары жҥйелеуге бағынбайды. Анимистік 


32 
бейнелердегі рухтар мен жандар жақсы, жаман болып бӛліне отырып, ӛзінің 
жеке ӛмірімен тіршілік ететін және ӛзіне назарды қажет ететін кез келген 
нысанның егізі болып табылады. 
Нақты осы нанымдармен ежелгі және 
антикалық халықтардың дәстҥрі, ӛлген адамдардың қабірлеріне еңбек 
қҧралдары мен ләззат тудыратын заттарды қоса кӛму ырымдары 
байланысты болды.
Әр тҥрлі кезеңнен ӛте отырып, анимизм анағҧрлым абстрактты 
тҥрлерін қабылдап отырды. Мысалы, Қҧдай, Ібіліс, Періштелер әр тҥрлі 
діндердегі нақты-жеке атрибуттарын қамтитын абстракция болып 
табылады.
Жан және рух туралы анимистік ҧғымдардың негізінде тірі 
жандардың ӛлілермен қарым-қатынас орнату мҥмкіндігі – спиритизм 
туындады.
Анимизммен христиандықтар мен исламда қҧдайға қҧлшылық ету, 
аспан қҧдайларына табыну, ата-ананы еске алу байланысты. Анимизм 
діннен бӛлек елеске, қҧбылғыш бейнеге сенуде айқындалады.
Аграрлық-кәсіптік табыну – 
адамның егіншілік және кәсіптік іс-
әрекетінің нәтижелеріне әсер ететін табиғи қҧбылыстардың ғажайып 
қасиеттеріне сенумен байланысты нанымдардың жалпы атауы. Бҧл дін рух- 
қҧдай пантеондарының табиғи процестер мен әлеуметтік-табиғи 
факторлардың сан алуандығы мен ӛзара байланысын бейнелеуімен 
ерекшеленеді.
Аграрлық-кәсіптік табынуларда мәңгілік идеясы бастапқы тҥрінде 
бейнеленген. Және бҧл кездейсоқтық емес, ӛйткені, қарапайым тәжірибе 
шынайы «қайта тірілу», табиғаттың ӛзін-ӛзі жандандыру, уақытша ӛлімнің 
міндетті тҥрде қайта жандануы туралы мәлімдейді. Сонымен қатар, рухтың 
кӛпшілігі жерде емес, аспанда ӛмір сҥреді, аспан шуақ, жылулық, 
салқындық, қар, жаңбыр, желді тарту етеді.
Аграрлық-кәсіптік табынулар әр тҥрлі және кӛптеген қҧрбандыққа 
шалуларды, оның ішінде адамды қҧрбандыққа шалуды қажет етті.
Қазіргі таңда бҧл нанымдарды ӛткенге жатқызуға болмайды. Олар
ауылдық жерлерде кӛп жылдар бойғы табиғат маусымдарын, жануарлар 
мен қҧстардың әрекетін, ӛсімдіктер дамуының ерекшеліктерін бақылауға 
негізделген нҧсқаулар, ережелер, ырымдар тҥрінде сақталған. Кӛптеген 
аграрлық-кәсіптік табынулар дін ілімдері арқылы қайта тҥсіндірілген және
діни тәжірибенің бір бӛлігіне айналды. Христиандық әулиелердің арасында 
Георгий (егіншілікпен айналысудың қорғаушысы), Илья (жаңбыр мен кҥн 
кҥркіреудің жаршысы) сияқты кӛрнекті тҧлғалар бейнеленеді. Ең маңызды 
протестанттық мейрамдардың ішінде «Егін ору кҥні» тойланады.
Бақсылық 
– жеке тҧлғалардың адам мен рухтардың арасында 
делдалдық қызмет атқарудың ғажайып қабілеттеріне сену. Бақсылардың 
қызметтері жан-жақтылықпен ерекшеленеді: ауруларды емдеу, келешекті 
болжау, табиғи қҧбылыстарды ӛзгерту немесе ӛзгерістер енгізу, ӛмірдің әр 
тҥрлі жағдайларына байланысты салт-жораларын іске асыру, дау-
жанжалдардағы тӛрешілік ету, рухтармен тілдесу және т.б.


33 
Әрқашанда бойды шаттық билеген кҥйде ӛтетін камланиялар (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет