С. Б. Балшыкеев


 бӛлім Діннің пайда болуы, оның әлеуметтік-тарихи тамырлары



Pdf көрінісі
бет18/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   168
 2 бӛлім Діннің пайда болуы, оның әлеуметтік-тарихи тамырлары 
және қызметтері  
 
2.1 Діннің пайда болуы 
 
Діннің пайда болу кезеңі 
Әлеуметтік  феномен  ретінде  діннің  уақыты  мен  жасына  қатысты 
мәселе бойынша кем дегенде екі ҧстаным бар.   
Бірінші  ҧстаным  -  материалистік.  Осыған  сәйкес,  дін  кез-келген 
уақытта  ӛмір  сҥрмеді,  ол  қоғам  мен  адамның  белгілі  бір  даму  сатысында 
пайда болды. Діннің алғашқы белгілері осыдан 100-40 мың жыл бҧрын ӛмір 
сҥрген неандертальдық және кроманьондықтарға айып тағылуынан білінді. 
Адамзатттың  пайда  болу  кезеңі  де  шамамен  3-5  миллион  жыл  бҧрын 
анықталды.  
Екінші  ҧстаным  –  діни.  Кӛптеген  діншілдер  дінді  адам  мен  Қҧдай 
арасындағы  адамды  «Қҧдайға  ҧқсас  және  соның  ҥлгісінде»  жаратқан 
кҥннен  басталған  байланыс  ретінде  тҥсіндірілетінін  растайды.  Кейбір 
діншілдер  «жарату  аптасының»  осыдан  шамамен  алты  мың  жыл 
бҧрынғы уақытқа тең келетіні жӛнінде айтады.  
Жоғарыда 
айтылғандардан 
адамзаттың 
пайда 
болу 
кезеңі 
талқыланатын  мәселе  болып  қалатыны  анық.  Сондай-ақ  бҥкіл  Ғалам  мен 
Жердің  жасы  жӛніндегі  мәселе  пікірталасқа  толы  болады:  эволюциялық 
теория  Ғаламның  пайда  болу  кезеңі  15-20  миллиард  жылға,  ал  Жердікі 
шамамен  алғанда  5  миллиард  жылға  теңесетіні  жӛнінде  мәлімдейді.  Дін 
жалпы  Ғаламды  ӛзінің  қҧрама  бӛлігі  –  Жер  сияқты  анағҧрлым  бірнеше 
мыңжылдықтармен ӛлшенетін жас шамасын атай отырып «жасартады».  
Осылайша,  жалпы  әлеуметтік  қҧбылыс,  адамдардың  рухани  ӛмірінің 
факторы  ретіндегі  діннің  жасы  нақты  белгілерге  бағынбайды.  Ғылымға 
сҥйенетін археологиялық табыстар халық тҧрмысының әр тҥрлі элементтері 
жӛнінде  мәлімдейді,  бірақ  олардың  діндері,  ӛмірлерінің  рухани 
бастамасына  қатысты  мәліметтер  жарыққа  шығарылмайды.  Сондықтан  да, 
«Адамзат тарихында діни емес дәуір болды ма?» деген сҧрақ соңына дейін 
сыры ашылмаған болып қалады - ӛткенді қайта қҧруға болмайды.  
Материалды  және  мәдени  дамуының  тӛмен  деңгейдегі  және  Жер 
бетінің  шалғай  аудандарында  ӛмір  сҥретін  халықтар,  нақтырақ  айтқанда, 
тайпаларды  зерттеу  нәтижелері  олардың  арасында  бірде-бір  діни  емес 
тайпаның  жоқтығын  кӛрсетеді.  Және  бҧл  діннің  жан-жақтылығы,  адамзат 
тҥйсігінің 
жалпы 
қасиеттерінің 
жағдайы, 
адамзат 
рухының 
«шынайылықтан»  тыс  шығуға  талпыну,  дінді  жаңа  ҧрпақта  жарыққа 
шығаратын  факторлардың  тҧтастығы,  тҥп  тамырларының  тҧтастығы 
жӛнінде мәлімдейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет