С. Б. Балшыкеев


  Тарау Курстың негізгі түсініктері



Pdf көрінісі
бет4/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
Байланысты:
Balshikeev 1

1  Тарау Курстың негізгі түсініктері 
 
1.1 Адам және Құдай 
 
Адамның  табиғи  және  әлеуметтік  қасиеттерін  жан-жақты  зерттейтін 
арнайы  ғылым  болған  емес  және  әлі  кҥнге  дейін  жоқ.  Медицина, 
психология,  әлеуметтану,  философия,  тарих  және  кӛптеген  басқа  да 
ғылымдар осы бір ерекше феномен туралы нақты материалды жинақтайды,  
бірақ  бҥгінгі  таңда  ғылым  «адам  қҧпиясын»  ашудан  тым  алшақ.  
Адамзаттың  ең  керемет  ойшылдары  «Адам  деген  кім?»  деген  сҧраққа 
дәлелденген жауаптарды табуға тырысты, дегенмен, осы кҥнге дейін қандай 
да бір қанағаттанарлық жауап табылған жоқ.  
Қазіргі  таңда  адам  туралы  кӛптеген  анықтамалар  бар.  Олардың 
біразын мысал ретінде қарастырайық.  
1. Адам – «Жердегі тірі ағзалардың ең биік сатысы, қоғамдық-тарихи 
және  мәдени  әрекеттің  субьектісі...».  Адамның  ерекше  қасиеті  –  еңбек 
қҧралдарын  жасай  білуі,  оны  қоршаған  ортаға  әсер  ету  ҥшін  қолдану 
қабілеттілілігінде;  адамның  мәні  –  «барлық  қоғамдық  қатынастардың 
жиынтығы болуы» 

1


 2.  «Еңбек  әрекетінің  субьектісі  мен  ӛнімі  ретінде  адам  физикалық 
және психикалық, генетикалық шарттасқан және кӛзі тірісінде қалыптасқан, 
табиғи  және  әлеуметтік  шексіз  тҧтастықты  қҧрайтын  жҥйе  болып 
табылады» 

2

.  
3. Адам – «Жер бетіндегі ең жоғарғы  даму сатысы, еңбек қҧралдарын 
ойлап  табушы,  табиғатты  тҥрлендіруші,  санасы  мен  сӛйлеу  қабілеті  бар  
әлеуметтік  тіршілік  иесі.  Ол  анағҧрлым  дамыған  хайуанаттардан 
(приматтар)  бас  ми  қабаттарының  орналасуы  мен  кӛлемі  жағынан,  тік 
жҥруі,  еңбек  іс-әрекетінде  қолданылатын  жоғарғы  дене  бӛліктерінің  еркін 
қозғалуы және басқа да қасиеттері бойынша ерекшеленеді» 

3


4.  Адам  –  «жан,  себебі,  оны  ӛмір  рухы  жандандырады»;  сонымен 
қатар, тән, себебі ол опасыз; ол рух, ӛйткені Қҧдайға берілгендікті білдіреді. 
Ақырында, ол – дене, себебі ол оны сырттай сипаттайды 

4

.  
5.  Библия  бойынша  адам  Қҧдай  жаратқан  тіршілік  иесі  болып 
табылады:  «Қҧдай  адамды  Ӛз  бейнесіне  ҧқсатып,  Қҧдай  бейнесінде 
жаратты» 

5


Бҧл  «бейне»  кҥнәға  бату  нәтижесінде  жойылды,  сондықтан  да, 
христиандық  тҥсінік  бойынша  адамның  болмысының  мәні  -  ҧрпақтан 
ҧрпаққа  таралатын  генетикалық  «кҥнәлардың  бастамасы»  (барлығы  – 
кҥнәхарлар) мен одан тәубеге келу мен «қол-аяғын керу» арқылы арылуды 
қамтиды. 
 
6.  Қҧранда  да  адам  Алланың  «топырақтан,  содан  кейін  тамшыдан,  
содан  соң  қою  қаннан,  содан  соң  кесек  еттен»  жаратқан,  ақтық  соңында 
жҧмаққа немесе тозаққа жеткізетін ӛзінің ӛмірлік бағытын таңдау еркі бар 
тіршілік иесі ретінде сипатталады 

6




 
10 
Адамның болмысын анықтаудағы кӛптеген тҥсініктемелер мәселенің 
кҥрделілігін,  материалистік  және  діни  бағыттағы  авторлардың  тарапынан 
тәсілдердің  әртектілігін  дәлелдейді.  Егер  де  алғашқылары  адамды  ҧзақ 
уақыт  бойғы  эволюция  барысында  табиғи  жолмен  пайда  болған 
биоәлеуметтік  тіршілік  иесі  деп  таныса,  одан  кейінгілері  сол 
биоәлеуметтілікті қабылдай отырып, адамды Қҧдай (Алла) жаратқан деген  
пікірді дәлелдейді.  
 Қазіргі замандағы ғылым деңгейі адамның пайда болу құпиясын дәл 
нақтылықпен  шешуге толық мҥмкіндік тудырмаса да, оның адам болмысы 
мен  ерекшелігін  анықтау  ҥшін  жеткілікті  саналатыны  анық.  Бҧл  болмыс 
келесі қҧраушылардың ӛзара қатынасы арқылы қалыптасады: саналы ойдың 
кӛмегі  негізінде  материалды  және  рухани  қҧндылықтарды  жетілдіру 
қабілеттілігі мен арнайы тән ҥйлесімділігін ҧйымдастыру. Адамның қимыл-
қозғалыс  табиғаты    әлеуметтік  шектеулермен  (нормалар)  бақыланса,  адам 
болып қалыптасады, - бҧл тек адамзат қоғамында ғана мҥмкін бола алады: 
адам қоғамнан тыс қалыптаспайды.  
Ғылым  ҥшін  Құдайдың  (құдайлардың)  болмысы  мен  жоққа 
шығарылуынан басқа аса қҧпиялы және жҧмбақ нәрсе  жоқ. Құдай – бҧл тек 
ӛркениеттің дамуымен ғана басылмайтын, сонымен қатар, жанданған сайын 
одан әрі маңызға ие болатын кӛптеген айтыстардың, ойлардың, кҥдіктердің 
мәңгі  тақырыбы.  Этникалық  және  дҥниежҥзілік  діндерде  Қҧдай  барлық 
заттың  бастамасы,  дҥниенің  жалпы  және  жеке  элементтерінің  тағдырын 
анықтайтын табиғи және асыра табиғи болмыс ретінде танылады.  
Адамзаттың жалпы діни бағытында «Құдай», «Алла» немесе «Тәңір» 
сӛзі адамның жеке талпынысының ақтық нысаны, оның болмысының соңғы 
мәні мен себебін тануға ҧмтылысын білдіреді.   
«Қҧдай»  тҥсінігі  «барлық  заттың,  яғни,  ӛмір  атаулының  адам  ҥшін 
соңғы  және  тәмәмдалған  мәнімен  ҥйлеседі».  Бҧл  ақтық  соңында 
барлығының  ӛз  болмысымен  міндетті болуы,  неге  ҧмтылатынымыз  бен  әр 
нәрсенің  ӛз  мәресіне  жететінін  білдіреді.  Басқа  сӛзбен  айтқанда,  бҧл  - 
ӛмірдің  қҧндылығын,  тҧрақтылығын,  уақыт  ҧзақтығын  арттыратын 
нәрсе»

7

.  Ең  бастысы,  әр  тҥрлі  діндердің  қасиетті  кітаптарында 
Қҧдайлардың ӛздерін бір мезгілде адамзат және «адамзаттан биік» болмыс 
ретінде танытатыны таң қалдырады.  
Қҧдайлар  адамдар  сияқты  қуанады,  қаһарланады,  әрекет  жасайды, 
ӛздеріне  назарды  қажет  етеді  –  сонымен  қатар,  олар  толық  жетілу,  жан-
жақтылық,  зор  қҧдіреттілік,  бақилық  ӛмір  сҥру  қасиеттеріне  ие  бола 
отырып, адамдардан шексіз асып тҥседі.  Қҧдайдың есімдері әр тҥрлі болса 
да  (зороастризмде  Ахурамазда,  иудаизмде  Яхве,  индуизмде  Брахма, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет