С. Б. Балшыкеев


 бӛлім  Дүниежүзілік діндер: тарихы, негізгі түсініктері мен



Pdf көрінісі
бет85/168
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#11935
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   168
5 бӛлім  Дүниежүзілік діндер: тарихы, негізгі түсініктері мен 
бағыттары  
5.1 Буддизм 
 
Буддизм ең «ежелгі» дҥниежҥзілік дін болып табылады. Бҧл дін б.з.д.  
VI  ғ.  Ҥндістанда  пайда  болды.  Буддизм  дінін  ҧстанушылар  саны  -  800 
миллион  адамнан  асады.  Буддистердің  кӛп  бӛлігі  Вьетнам,  Кампучия, 
Қытай,  Корея,  Лаос,  Мьянма  (Бирма),  Непал,  Таиланд,  Шри-Ланка, 
Жапония  сияқты  мемлекеттерде  тҧрады.  Буддистер  қауымдастықтары 
барлық қҧрлықта, соның ішінде, Еуропа мен Америкада қоныстанған.  
Буддизмнің  негізін  қалаушы  тұлға.  Ғылыми  дҥниеде  буддизмнің 
негізін салушыға қатысты екі ҧстаным бар. Мифологиялық мектеп Будданы 
ойдан табылған, мистикалық, халық қиялынан ойлап шығарылған тҧлға деп 
есептейді.  Басқа  тарихи  мектептің  жақтастары  Будданы  шынайы  тарихи 
тҧлға ретінде таниды. Буддистердің ӛздері ҥшін  Будда қаншалықты   қиял-
ғажайып тҧлға болса да, оның шынайы тҧлғасы ешбір кҥмән тудырмайды.  
Будданың  танымал  бес  ӛмірбаяны  белгілі,  оның  ӛмір  сҥрген 
кезеңдеріне  қатысты  біршама  айырмашылықтар  бар:  б.з.д.  623-544  жж., 
б.з.д. 564-483 жж., б.з.д. 560-480 жж. Буддизмнің негізін салушылардың әр 
тҥрлі  есімдері  мәлім:  Сиддхартха  (жеке  аты),  Гаутама  (рудың  аты), 
Шакьямуни  (шакья  тайпасының  кӛсемі),  Бхагаван  (мақтанышы)  және 
т.б. 
Сиддхартха  мемлекет  билеушісінің  ҧлы  болды,  бірақ  оның  ӛмірі 
қарапайым  адамдардың  ӛмірімен  еш  ҧқсастығы  болмады.  Ол  молшылық 
пен  байлықта  ӛсті,  оның  ӛмірі  қарағылық  пен  жағымсыз  заттардан 
қорғалды. Мҧнымен қоса, сҥйікті әйелі мен ҧлы болды. Бірақ кҥндердің бір 
кҥнінде  ол  ақсақалды,  ауру  адамды,  жерлеуге  арналған  екі  аяқты  кҥйме 
арбадағы ӛлген адамды және данышпан-тақуаны бір мезгілде кездестіреді. 
Олардың қайғы-қасіретін: қартайған шақтың қасіреттерін, аурулардың, дос-
жарандардың,  ӛлгендердің  туған-туысқандарының  және  ақиқат  жолын 
іздеушілердің  қайғы  –қасіретін  кӛреді.  Сиддхартха  алдында  кӛптеген 
мәселелер  туындады:  қайғы-қасіреттердің  мәні  бар  ма?  қайғы-қасіреттің 
кӛзі болып не табылады? қайғы-қасіреттен қалай арылуға болады? 
Ӛзінің  ҧстаздары  арасынан  бҧл  сҧрақтардың  жауабын  таба  алмай, 
қара  шаңырағын  тастап,  ақиқатты  іздеу  жолына  тҥседі.  Оның  сан  жылдар 
бойғы жиһан кезуінің нәтижесінде ақиқатттың жауабы ӛздігінен табылады. 
Дәл  осы  сәттен  бастап,  Шакьямуни  Гаутама  Будданың,  жоғары 
данышпандық  нҧрына  бӛленген,  сӛйтіп,  адамзаттың  ҧстазы  және 
қорғаушысына айналды.  
Шындыққа  жеткен  Будда  одан  әрі  белсенді  діни  уағызшы  бола 
бастады,  оның  барлық  айтқаны  мен  ісетеген  істерін  қолдайтын  шәкірттері 
пайда  болды.  Жаңа  ілім  бірітіндеп  адамдардың  жаны  мен  ойын  ӛзінің 
қарапайымдылығымен  және  анықтылығымен  жаулап  ала  бастады. 
Ҥндістанда Будданың ӛмір сҥрген кезеңінің ӛзінде Ҧстаздың ӛсиеттері мен 


 
58 
ережелері 
бойынша 
ӛмір 
сҥрген 
монахтық 
қауымдастықтар 
ҧйымдастырылған.  
Бҧл  ҧлы  дана  80  жасында  ӛмірден  ӛтті.  Сол  кезеңдегі  Ҥндістан 
(қазіргі  заманда  да)  дәстҥрі  бойынша  денесі  отқа  тапсырылды,  ал  кҥлінің 
бір бӛлігі шәкірттері арасында бӛлінді, қалғаны желмен ҧшып кетті.  
Оның  ӛмірбаянында  кӛптеген  мифологиялық  ӛзгешеліктер  бар, 
олардың  «ақиқаттығы»  ортодоксальды  буддистер  ҥшін  ешбір  кҥдік 
тудырмайды.  Осылайша,  әр  тҥрлі  пікірлердің  бірінің  пайымдауынша, 
Шакьямуни Гаутама  Будда  болғаннан бҧрын,   жер  бетінде  ӛмір  сҥргеннен 
бастап  кӛптеген  дҥниеге  келу  шақтарын  бастан  кешірді.  Ол  83  рет  әулие,  
58-патша, 24 – монах, 18 – маймыл, 12 – тауық, 13 – саудагер, 8-қаз, 6 – піл 
атанды,  сонымен  қатар,    балықтың,  егеуқҧйрықтың,  бақаның,  қоянның 
бейнесінде болған және ондай қайта туулар саны 550 жетеді.  
Буддизмнің  негізін  салушылар  туралы  мазмҧндауды  аяқтай  отырып, 
бҧл  дінде  жеке  есімдері  бар  бірнеше  Буддалардың    болғаны  жӛнінде  айта 
кету  қажет.  Олардың  ішінен  тек  біреуі  ғана  жоғары  Ҧстаз  алдыңғы 
буддалардың  синтезі  болып  табылады.  Сондықтан  да,  Гаутама  эпитеті  - 
Будда («жарқын») әрқашан да бас әріппен жазылады.  
Е.Рерих  буддизмнің  негізін  салушыға  керемет  сипаттама  берді: 
«Будда  Қҧдай  тҧлғасының  бар  болуын  жоққа  шығарды.  Будда  мәңгі  және 
ӛзгермейтін жанның болуын жоққа шығарды. Будда әрбір кҥннің ӛмір сҥру 
туралы заңдылықтарын кӛрсетті.  Будда меншікке қарсы әрекет етті.  Будда 
ӛз  еркінше  касталардың  жауыздығы  мен  таптардың  басымшылықтарына 
қарсы  кҥресті.  Будда  іс  жҥзіндегі,  шынайы  білім  мен  еңбек  қҧндылығы 
туралы  баса  айтты.  Будда  әлем  ӛмірін  оның  толық  шынайылылығымен 
зерттеуді  ӛсиет  етіп  тапсырған...  Жҥздеген  миллион  Будданы 
қҧрметтеушілер    бҥкіл  дҥние  жҥзіне  тараған  және  былайша  пайымдаған: 
«Буддаға, оның іліміне, Қауымдастыққа сҥйенемін» 

1


 Будданың  догматикасы  (ілімі).  Будданың  ілімі  қасиетті  кітаптарда 
жалпы «Трипитака» (үш себет) атауымен мазмҧндалған. «Трипитака» - бҧл 
17  кітап  пен  жинақ  тҥрінде  берілген,  онда  дін  оқуының  ӛзі,  оның 
тҥсіндірмесі,  адамгершілік  ӛсиеттері,  монахтық  қауымдастықтардағы  ӛмір 
сҥру тәртібі, аман қалу жолдары және т.б. баяндалады. 
Буддистік  әдебиетте  Будданың  нҧрлану  фактісі  маңызды  орынға  ие, 
соның  нәтижесінде  ол  арқылы  «Себептер  тізбектері»,  ең  соңында 
жамандықтың қайнар кӛзі табылды: 12) Ӛмірдің ӛзі қайғы-қасірет, ӛйткені 
онда  кәрілік,  ауру,  ӛлім  мен  адамгершілік  тҧрғыдан  азап  шегулер  болады; 
11) Мен қайғырамын, ӛйткені мен дҥниеге келдім; 10) Мен дҥниеге келдім, 
себебі,  болмыс  әлеміне  бағынамын;  9)  Мен  туамын,  себебі,  мен  ӛзімнің 
ӛмірге  келгеніме  ризамын;  8)  Мен  ризамын,  ӛйткені,  менің  ӛз  тілектерім 
бар; 7) Менің тілектерім бар, себебі, менде сезім мен сезімталдық мҥшелері 
бар;  6)  Мен  сезінемін,  себебі,  қоршаған  ортамен  жақындасамын;  5)  Бҧл 
жақындастықтар  менің  алты  сезімім  арқылы  жҥзеге  асады;  4)  Менің 
сезімдерім  айқындалады,  себебі,  болашақ  тҧлға  ретінде  мен  ӛзімді  ӛзіндік 
қасиеті жоқ адам қасиеттерінен қарсы қоямын; 3) Мен – тҧлғамын, себебі, 


 
59 
менде  сана  мен  сол  сананы  тҥйсіну  қасиеттері  бар;  2)  Бҧл  сана  менің 
бҧрынғы ӛмірімнің нәтижелері болып табылады; 1) Бҧл ӛмір менің санамды 
кҥңгірттеді, себебі, мен мҧны білмегенмін.  
Себептіліктің  бҧл  тізбегі  кері  тәртіппен  мазмҧндалады:  1)  Авидья 
(қараңғылық,  надандық,  кҥңгірттік);  2)  Сансара  (карма,  жаза);  3)  Вижнана 
(сана,  тҥйсіну);  4)  Кама  (форма,  сезімталдық  немесе  сезімі  жоқтық);  5) 
Шадаятана  (алты  сезім);   6)  Спарша  (жанасу,  ӛзара байланысу);  7)  Ведана 
(сезіну); 8) Тришна (аңсау, қҧмарлық); 9) Упадана (әуестік, жақындасу; 10) 
Бхгава (болмыс); 11) Джати (дҥниеге келу); 12) Джара (қарттық шақ, ӛлім). 
Будда  ілімі  тӛрт  постулатқа  негізделеді,  олар  әдебиеттерде  «тӛрт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет