Есеп 2 ДНҚ-ның CCCATGCCGGT нуклеотидтік қатары негізінде
синтезделген белоктың полипептид тізбегі қай аминқышқылынан
басталады? Ал егер УК сəулесімен сəулелендіру əсерінен төртінші
нуклеотид түсіп қалатын болса, онда синтезделген белоктың
аминқышқылдық қатарында қандай өзгеріс болады?
Есеп 3 Сақиналы pBR322 плазмидасында əртүрлі рестрикциялық
эндонуклеаза ферменттері кесе алатын учаскелері бар. Төменде
келтірілген қос тізбекті ДНҚ фрагменттерінің қайсысын берілген
плазмидаға енгізуге болады?
5'-ЦЦГАТТЦАГАТГТААГГЦААТАГТГТГАТТЦАЦА-3'
3'-ГГЦТААГТЦТАЦАТТЦЦГТТАТЦАЦАЦТААГТГТ-5'
5'-ЦЦТТААГЦТТАГГЦТААГГЦААТАГААГЦТТТЦААТГ-3'
3'-ГГААТТЦГААТЦЦГАТТЦЦГТТАТЦТТЦГАААГТТАЦ-5'