136 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
қолданылады селективтік факторға төзімді клондарды сұрыптау
(төзімді клондарды сұрыптап алады), төзімді каллус ұлпаны алады,
органогенезді индукциялау, регенерант өсімдікті алады, соңғы
кезең төзімділікті тексеру (төзімділікті тексергенде іn
vitro
жағдайында ортадағы стрестік факторына төзімділікті тексеру
болады жəне экологиялық стрестік факторына (яғни тірі патоген-
дерге, топырақтағы ауыр металдарға, қышқыл топыраққа, темпера-
тураға, ылғалдылыққа төзімділікті тексеруге болады). Сондай-ақ
гормондарға, дəрумендерге, амин қышқылдарына прототрофтық
немесе ауксотрофтық жасушаларды сұрыптайды, яғни сол заттар
ортада болмағанда немесе болғанда ғана өсе алатын жасушалар
іріктеліп алынады.
Жасушалық селекцияның 2 негізгі əдісі бар: тура селекция
жəне кері немесе негативтік селекция.
Тура селекция барысында
өсімдік жасушаларды (немесе протопластарды) стрестік зат қосыл-
ған ортаға егіп өсіреді. Біраз мезгілден соң жасушалардың көбі
бөліне алмай, өсе алмай құриды, тек мутация (делеция, инверсия,
полиплоидия, анеуплоидия, транслокация жəне т.б.) немесе эпиге-
нетикалық өзгерістер арқасында сол факторға төзімділік көрсеткен
жасушалар ғана тірі қалады. Осындай тəсілді (тура селекция
тəсілін) кейбір метаболиттерді (мысалы амин қышқылын) көп мөл-
шерде түзіп өндіре алатын жасушаларды алу үшін қолданады.
Кері
Достарыңызбен бөлісу: