134 Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж.
изолейцин – треонин – пролин – серин – мРНҚ-ға əсер ету нəтиже-
сінде РНҚ құрамында цитозин азоттық негізі гуанинге айналады.
мРНҚ-ға əсер ету нəтижесінде вирустық ақуыздың құрылымында
қандай өзгерістер болғандығын анықтаңыз.
8 т а р а у.
Жасушалық селекция. Өсімдік жасушаларының
іn vіtro жағдайында өзгергіштігі
Өсірген жасушаларда мутацияларды қоздырып, оларды
сұрыптап алып, кейін регенерант-өсімдіктерін шығару, генетика-
лық базисті кеңейтудің тағы бір жолы, ол жасуша деңгейінде
өткізілетін селекция. Практика үшін ең маңыздысы, осы əдіспен
жоғары жəне төмен температураға, тұздарға, гербицидтерге,
патотоксиндерге төзімді мутант жасушаларын сұрыптап алу.
Мысалы, ақуыз бен ауыстыруға болмайтын амин қышқылдарды
(лизин, триптофан, треонин) өте мол синтездейтін биохимиялық
мутанттарды алу немесе ауыстыруға болмайтын амин қышқыл-
дардың аналогтарына төзімді жасушаларды өсіру арқылы теме-
кінің лизинді 10 есе артық синтездейтін, сасық меңдуананың
триптофанды 44 есе жоғары синтездейтін жасуша линиялары
алынған.
In vitro өсірілген жасушалардың арасынан нақтылы бір
селективтік жағдайға сəйкес өзгеріске ұшырап, пайдалы қасиетке
ие болған жасушаларды көбейтіп сұрыптап алуды
жасушалық
Достарыңызбен бөлісу: