Детерминациялану − (лат. determinacio – шек қою, анықтау) ор.
детерминация, ағ. determinacion – ж асушалардың, ұлпа, мүше жəне орга
низмнiң белгiлi бiр даму жолына түсуiне дайындылығы, сонымен қатар
басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детертерминациялану кезiнде
морфологиялық жаңа бағыттың дамуына түрткi болуға қажет iшкi
жағдайлар туады.
Дедифференциялану − (лат. de − жою, болдырмау, differentia −
айырмашылы) ор. дедифференциация, ағ. dedifferentiation – маманданған,
бөлiну қабiлетiнен айырылған жасушалардың жаңадан пролиферацияға
(бөлiнуге) көшуi.
Дифференциялану − ор. дифференциация, ағ. differentiation – даму
процессiнде бiртектi жасушалардан морфологиялық белгiлерi жəне
атқаратын қызметi əртүрлi жасушалар түзiлуi (жасушалардың маман-
дануы).
Дифференцировка − ор. дифференцировка, ағ. cell differentiation –
жасушалардың басқа жасушалардан ерекшеленiп, маманданған жағдайға
көшуi.
Диплоид − (гр. diploos – қос, екi есе, eidos – түр) ор. диплоид, ағ.
diploid – гаплоид гаметаға қарағанда хромосомалар саны екi еселенген,
яғни əрбiр хромосомасы жұптасып келетiн ядро, жасуша, ағза. Диплоид-
тық хромосомалар жиынтығы сомалық (дене) жасушаларда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |