С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет210/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

Жасушалардың тура селекциясы – (ор. прямая селекция клеток, ағ. 
straight selectioп) ‒ жасушаларды тежегіштердің (ингибитор) қатысуында 
өсіріп,  бұзылған  метаболизмді  қалпына  келтіре  алатындарын,  яғни 
мутанттарды сұрыптау. 
Клон – (гр. clon – ұрпақ, бұтақ), ор. клон, ағ. clone – қоректік ортада 
жалғыз бір жасушадан көбейген жасушалар. 
Клондау  – (ор.  клонирование,  ағ. cloning) ‒  құрамында  трансфор-
мация  жолымен  енгізілген  ДНҚ-ы  молекуласы  бар,  бактериялық  жасу-
шаларды  қоректік  агарға  сеуіп,  ДНҚ  молекулалары  қоспасын  бөлу.  Бір 
бактериялық  колонияны  бір  жасушаның  ұрпағы  деп  түсіну  керек,  оның 
барлық  жасушалары  құрамында  бір  типті  рекомбинанттық  ДНҚ 
молекуласы бар. 
Криопротектор  – (гр. kryos – суық,  аяз,  мұз,  лат. protector – қор-
ғаушы),  ор.  криопротектор,  ағ. cryoprotectant – жасушаның  мұздап  қату 
нүктесін  төмендетіп,  жасуша  ішіндегі  сумен  байланысып  жасушаны 
механикалық жəне осмостық бүлінуінен қорғайтын зат.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет