С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет24/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   217
16) Өсімдік 
жасушаларының бөлінуі 
(кл. циклдің мерзімі) 
А) 1,5-2 сағ. 
 
17) Бактериялардың бөлі-
нуі (кл. циклдің мерзімі) 
В) 12-24 сағат 
 
18) Ашытқылардың бөлі-
нуі (кл. циклдің мерзімі) 
С) 20-60 мин. 
 
 
2 т а р а у.  
Өсімдік жасушаларын in vitro  
жағдайында өсіру əдістері мен принциптері 
 
 
Өсімдіктер  биотехнологиясы  аясындағы  ғылыми-зерттеулер 
мен технологиялық жұмыстарда нысаналар ретінде өсімдіктердің 
жасушалары  мен  ұлпалары  пайдаланылады.  Іn vitro  жағдайында 
өсетін жасушалар – жаңа жасанды жүйе, оның бірнеше ерекшелік-
тері  бар.  Жасушаларды  стерильді  жағдайында,  қоректік  ортамен 
қамтамасыз  етіп,  арнайы  физика-химиялық  жағдайында,  арнайы 
аспаптарда  (биореакторларда,  колбаларда,  пробиркаларда,  мад-
женттарда, планшеттерде, флакондарда) өсіреді. 
Өсімдік  жасушалары  мен  ұлпаларын  өсіру  жұмыстарындағы 
негізгі  талап  стерильділік  жағдайларды  қамтамасыз  ету  болып 
табылады. Қоректік орталарды дайындауға, оларды сақтауға жəне 
өсімдік  материалдарын  өсіруге  арналған  ыдыстар  аса  ұқыпты-
лықпен  жуылады.  Химиялық  ыдыстарды  тазалаудың  сенімді 
əдістерінің бірі оларды күкірт қышқылы мен калий бихроматының 
қоспасымен  (хромпик)  жуу  болып  табылады.  Сонан  кейін 
хромпиктен  тазарту  үшін  ыдысты  ағын  сумен 10 рет  жəне 5 рет 
дистильденген  сумен  шаю  керек.
 
Таза  ыдыстарды 2 сағатқа 
температурасы 130-170
°
С-ға  дейін  қыздырылған  сөрелерге  салып 
кептіреді.  Кептіргіш  сөрелерге  басқа  аспаптарды  автоклавтарда 
стерильдеуге  болады.
 
Металдан  жасалған  аспаптарды  қалың 
қағазға  орап 2 сағатқа  температурасы 170-200
°
С-ға  дейін 
қыздырылған сөрелерге салып кептіреді.  


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет