С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет25/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

Өсімдіктер  жасушалары  микроағзаларға  қарағанда  анатомо-
морфологиялық құрылысы жағынан ерекшеленеді. Өсімдік мүше-
сінің  кесіндісі,  яғни  эксплантты  зарарсызданған  қатты  немесе 
сұйық ортаға отырғызады. Əртүрлі тəсілмен залалсыздандырылған 
нысаналардан  керекті  ұлпалар  бөлініп  алынады.  Ұлпаны  бөліп 
алуды  жəне  оны  қоректік  ортаға  отырғызуды  ламинар  боксінде 
өткізеді.  Бұл  бокстің  ішіне  фильтрден  өткізіліп,  микроағзалардан 
тазартылған ауа беріліп тұрады.  
Ағзаның əрбір түрі, тіпті сол бір түрінің кез келген мүшелері 
мен ұлпалары жақсы өсу үшін белгілі қоректік ортаны талап етеді. 
Қоректік ортаны таңдауы өсімдік ағзаның түріне жəне тəжірибенің 
мақсатына  байланысты.  Қоректік  ортаның  құрамына  минералды 
тұздар,  көмірсулар,  дəрумендер,  фитогормондар,  амин  қышқыл-
дары кіреді (1 қосымша).  
Өсімдік экспланттарын өсіруге арналған барлық қоректік орта-
лардың құрамынының негізі минералдық тұздардан тұрады. Олар-
ға  макроэлементтерден  азот,  фосфор,  калий,  кальций,  магний, 
күкірт, темір, ал микроэлементтерге – бор, марганец, мырыш, мыс, 
молибден,  кобальт  жəне  басқалары  жатады.  Ұлпалардың  темірді 
жеңілірек  пайдалана  алуы  үшін  қоректік  орталардың  құрамына 
міндетті түрде этилендиаминтетрасірке қышқылын (ЭДТА) немесе 
оның натрий тұзын (Na
2
ЭДТА) енгізеді. 
 
Жасушалар in vitro жағдайында көмірсутегіне мұқтаж, себебі 
олар  гетеротрофты  қоректенеді.  Көмірсутегі  ретінде  сахароза 
немесе  глюкоза  (көбінесе,  концентрациясы 20-30 г/л)  қосылады. 
Жасушадағы биохимиялық процестерді күшейту үшін В тобының 
дəрумендері  пайдаланылады:  тиамин-НС1 (В
1)
,  рибофлавин  (В
2
), 
Са-пантотенаты  (В
5
),  пиридоксин-НСl (В
6
),  аскорбин  қышқылы 
(С), никотин қышқылы (РР), мезоинозит.  
Микроэлементтер  мен  өсу  реттегіштерін  (фитогормондар) 
өлшеу аса мұқияттылық пен ұқыптылықты қажет етеді, себебі аз-
даған қатенің өзі экспланттардың өсуіне тікелей əсер етеді. Уақыт-
ты үнемдеу үшін алдын-ала дайындалған тұздардың қойылтылған 
(қоюланған)  ерітінділері  дайындалады.  Ол  үшін  концентрациясы 
10 еселік макротұздардың жəне концентрациясы 100 еселік микро-
тұздардың ерітінділерін дайындайды. Қойылтылған ерітінділердің 
қоспасын  дайындау  үшін  макро-  жəне  микротұздардың  əрқайсы-


22                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
сын  жеке,  қыздыра  отырып,  дистильденген  судың  аздаған  көле-
мінде  дайындайды.  Əдістемелік  нұсқауда  көрсетілген  ретпен, 
алғаш  макротұздардың  ерітінділерін,  сонан  соң  микротұздардың 
ерітінділерін  бір-бірімен  қосып,  соңында  бірінші  қоспаға  екінші 
қоспаны  құйып  араластырады  да,  дистильденген  су  қоса  отырып, 
ерітіндіні  қажетті  көлемге  дейін  жеткізеді.  Микротұздар  ерітінді-
лерінің қоспасына ең соңында молибден тұздарының ерітінділерін, 
ал  макротұздар  ерітінділерінің  қоспасына  ең  соңында  магний 
тұздарының  ерітінділерін  қосады  (тұнба  түзілмес  үшін).  Хлорлы 
кальций (CaCl
2
)  жəне  темір  хелатының  ерітінділері  басқа  тұздар-
дың  ерітінділерінен  бөлек  дайындалып,  сақталады.  Ерітінділерді 
тоңазытқышта 4-7
°
С температурада бір ай уақыт сақтауға болады. 
Қойылтылған  ерітінді  (маточный, stok-ерітінділер)  құйылған 
ыдыстың сыртында ерітіндінің аты, концентрациясы жəне дайын-
далған  күні  жазылуы  тиіс.  Түсі  лайланған  немесе  тұнба  түзілген 
ерітінділерді  мүлдем  пайдалануға  болмайды.  Дəрумендердің  ері-
тінділерін 100 есе  қойылтылған  етіп  дайындап,  кішігірім  ыдыс-
тарға (50 мл)  бөліп  құяды  да,  тоңазытқышта  мұздатып  сақтайды. 
Индолил  сірке  қышқылының  (ИСҚ),  көмірсулардың,  глициннің, 
мезоинозиттің,  ашытқы  экстрактының,  казеин  гидролиза-тының 
ерітінділері қоректік орта жасайтын күні дайындалады. 
Жасанды қоректік ортада өсірілген ұлпалардың өсуі мен мор-
фогенезі үшін өсу жəне даму реттегіштері – фитогормондар қажет. 
Бұл заттар жасушалардың бөлінуі мен ұзарып өсуін ынталандыра-
ды, жасушалар мен ұлпалардың дифференциясы мен дедифферен-
циясына əсер етеді. Жалпы айтқанда, фитогормондар – өсімдік ағ-
засындағы  морфогенетикалық  жəне  физиологиялық  процестердің 
белсенділігін жоғарылатып, (немесе тежеп) өсімдіктің өсуі мен да-
муын реттейтің заттар. Фитогормондар жасушалардың бөлінуі мен 
ұзарып өсуіне, оның тыныштық күйіне, дамуына, қартаюына, жы-
ныс жасушаларының пайда болуына, стресс жағдайларына төзімді-
ліктің  жоғарылауына,  тропизмдерге,  транспирацияға  əсер  етеді; 
өсімдік ағзаның функционалдық тұтастығын, жеке даму фазалары-
ның заңды жүйелілігін қамтамасыз етеді. Биотехнологиялық зерт-
теулерде  өсу  жəне  даму  процестерін  стимульдеуші  фитогормон-
дар: ауксиндер, цитокининдер, гиббереллиндер пайдаланылады. 
In vitro жағдайында өсімдіктердің маманданған (дифференция-
ланған) жасушалар, бөліну қабілеті тежелген жасушалар қайтадан 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        23 
бөліне бастайды, яғни меристемалық күйіне оралады. Толық белгі-
ленген  дифференцияланған  жасушаларда  пролиферация  (яғни  бө-
ліну  арқылы  көбею)  қабілетінің  қайта  пайда  болуы  дедифферен-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет