С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»


циялану процесі деп аталады. Ал дифференциялану −



Pdf көрінісі
бет26/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

циялану процесі деп аталады. Ал дифференциялану − бұл əртүрлі 
маманданған жасушалардың түзілуі, яғни даму процесінде біртекті 
меристемалық  жасушалардан  морфологиялық  құрылымы  жəне 
атқаратын  қызметі  əртүрлі  маманданған  жасушалардың  түзілуі. 
Мысалы, дифференциялану нəтижесінде меристемадан пайда бол-
ған  маманданған  жасушалар  (мезофилл,  эпидермис  тағы  сондай 
сияқты ұлпаның жасушалар) сол меристемаға да жəне де өзара бір-
біріне  мүлдем ұқсамай  кетеді.  Дедифференциялану  процесі  арқы-
лы  маманданған  жасуша  бөліну  күйіне  қайта  оралады  да  мерис-
тема тəрізді каллус жасушаларына айналады. Бұл жасушалар көбі-
несе  жұқа  қабықты  болып,  паренхималық  жасушаларға  ұқсайды. 
Каллус – бұл ұлпаның ерекше түрі, өсімдік жасушалардың ретсіз 
бөлінуі нəтижесінде пайда болған ұлпа, басқаша айтқанда каллус – 
бүтін  өсімдіктің  зақымданған  жері  (жарасы)  біте  бастаған  кезде 
түзілетін білеуленген бұлтық. Барлық физиологиялық процестерді 
реттейтін  фитогормондар  болғандықтан,  олар  қоректік  ортаның 
маңызды  құраушылары  деп  есептеленеді.  Жасушаларға  бөліну 
жəне дифференциялану үшін əсіресе ауксин мен цитокинин қажет. 
Тек қана ісік жасушалары мен «қалыптасқан» ұлпалар гормондары 
жоқ ортада өсе алады. «Қалыптасқан» каллус жасушалары гормон-
дарды қажет етпейді, олар гормондарға прототрофты келеді, себебі 
өздерін-өздері қамтамасыз ете алады. Өсімдіктерде in vivo жағдай-
да да каллус жасушалары түзіледі. Өсімдіктің зақымданған жерін-
де қорғаныштық қызмет атқаратын заттар түзіліп, олар жаңа жасу-
шалардың (каллус) пайда болуына ықпал етеді. Жасанды қоректік 
ортада  өсіру  барысында  түзілетін  каллус  ұлпалары  өсу  мен 
дамудың  əртүрлі  жолдарын  зерттеуге  болатын  қызықты  объект 
болып табылады. 
 
Алғашқы  каллустың  индукциясы  (пайда  болуы)  үшін  биоло-
гиялық  белсенді  қосымша  ретінде  өсімдіктер  экстрактын  пайда-
лануға болады. Экстрактты, əдетте, жетілмеген ұрықтардың эндос-
пермінен бөліп алады (кокос сүті, жүгерінің жетілмеген ұрығының 
сығындысы)  немесе  көктем  айларында  бөлініп  шығатын  кейбір 
ағаштардың  шырынын  (пасока)  пайдаланады  (мысалы,  қайың 


24                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
шырыны). Оларды қоректік ортаға қосу арқылы жоғары нəтижелер 
алуға  болады,  бірақ  олардың  құрамын  үнемі  тексеріп  отыруға 
мүмкіндік  болмағандықтан,  тəжірибелерді  бірнеше  рет  қайталау 
барысында, барлық уақытта бірдей нəтижеге қол жеткізу өте қиын.  
Фитогормондардың  көбісі  (ИСҚ,  НСҚ, 2,4-Д,  кинетин,  БАП) 
суда  нашар  ериді.  Сондықтан  ауксиндер  мен  гиббереллиндерді 
этил спиртінің, ал цитокининдерді 0,5-1 н NaOH немесе КОН ері-
тінділерінің  аздаған  көлемінде  ерітіп,  қыздырылған  су  моншасы-
ның үстінде толық еріген гормондарды салқындатып, тиісті көлем-
ге дейін дистильденген су құяды. Фитогормондардың ерітінділерін 
тоңазытқышта 4-7
0
С температура жағдайында бір айға дейін уақыт 
сақтауға болады. 
Қоректік орталар екі түрлі болады: сұйық жəне қатты (агарлы). 
Қатты  қоректік  орталар  дайындау  үшін  оған  қойылтатын  зат – 
агарды  қосады.  Агар – сары-ақшыл  түсті,  пластинка  жəне  үлкен 
немесе майда түйіршіктер, ұнтақ түрінде дайындалатын теңіз бал-
дырларынан алынатын полисахарид. Пластинкалық агардың құра-
мында əртүрлі қоспалар ұлпалардың өсуіне кері əсер етуі мүмкін. 
Олардан  арылу  үшін  пластинкалық  агарды  дистильденген  сумен 
жуады.  Агарды (7-8 г/л)  суға  салғанда  гель  (коллоидтық  ерітінді) 
түзеді. Гель 70-80
0
С-да ериді, ал 45-50
0
С-да қатады.  
Орта  рН-ының  маңызы  өте  зор.  рН-тың  төменгі  мəндерінде 
агардың  полимеризациясы  (желатинденуі)  жүрмейді.  Қоректік 
ортаның бірқатар компоненттерінің тұрақтылығы мен сіңірілімдігі 
ортаның  рН  мəніне  тікелей  тəуелді.  рН-тың  мəніне  аса  сезімтал 
болып  келетіндерге  ИСҚ,  гиббериллин  қышқылы,  дəрумендер 
(тиамин, пантотен қышқылы) жатады. Оның үстіне, қоректік орта-
да өсірілген ұлпаларға темірдің əртүрлі тұздарының сіңірілуі орта 
рН-ына  тікелей  тəуелді  болып  келеді.  Өсімдіктердің  басым  бөлі-
гінің  ұлпалары  рН  мəні 5,5-5,8 болып  келетін  қоректік  орталарда 
жақсы өседі. Дайындалған қоректік ортаның рН-ын керекті мəніне 
дейін  жеткізу  үшін 0,5-1,0 н  КОН  немесе NaOH ерітінділері 
(көрсеткіш қышқыл жаққа ауытқығанда) жəне 0,5-1н HCl ерітіндісі 
(көрсеткіш  сілті  жаққа  ауытқығанда)  пайдаланылады.  Ол  үшін 
қышқылдың немесе сілтінің ерітіндісін ортаға тамшылатып қосады 
да  араластырып,  оның  аздаған  бөлігін  өлшегіш  стаканға  құйып, 
рН-ын өлшейді (рН мəні тұрақталғанға дейін).  


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        25 
50-60
°
С-ға  дейін  қыздырылған  қоректік  ортаны  ыстық  агар 
ерітіндісімен араластырып, өлшегіш ыдыстың белгісіне дейін жылы 
су құяды. Дайындалған қоректік ортаны ұлпа өсірілетін ыдыстарға 
құяды. Қоректік орталарды инфекциядан сақтау үшін ұлпалар өсі-
рілетін  ыдыстарды  гигроскопиялы  емес,  алдын-ала  автоклавта 
залалсыздандырылған  тығынмен  жабады  (мысалы,  тығын  ретінде 
жұқа алюминий фольгасын немесе полиэстеролдік пробканы пай-
даланады). Мұндай тығындар ыдыстың ішіне ауаны жақсы өткізіп, 
қоректік  ортаның  құрамындағы  ылғалдың  булануына  кедергі  жа-
сайды.  Қоректік  орталарды 0,8-1,0 атм  қысымда  автоклавтау  жо-
лымен  залалсыздандырады.  Стерилизациялау  уақыты  ыдыстағы 
қоректік  ортаның  көлеміне  байланысты.  Егер  ыдыстағы  ортаның 
көлемі 15-25 мл  болса,  стерильдеу  уақыты 15-25 мин,  ал  оның 
көлемі 1-4 л болса – 30-40 мин автоклавтауға тура келеді.  
 
Жұмысты бастар алдында ламинар-боксты 96%-тік этил спир-
тімен  дизинфекциялайды.  Сонан  соң  жұмысқа  қажетті  құрал-
аспаптар  мен  қоректік  орталары  бар  ыдыстарды  қойып,  сынап-
кварцты лампамен бокстың ішін түгелінен 20-30 мин ультракүлгін 
сəулесімен  стерилизациялайды.  Ультракүлгін  сəулесінің  əсерінен 
бокста  түзілген  азот  тотығының  сыртқа  толық  шығып  кетуі  үшін 
15-20  мин  уақыт  қажет.  Аспаптарды  спиртке  малып,  спиртовка 
жалынында күйдіреді. Жұмысты аспаптар суыған соң бастайды. 
Жұмыстың  мақсаты  мен  міндеттеріне  байланысты  эксплант-
тар  отырғызылған  ыдыстарды  термостатқа  немесе  жарық  бөлме-
сіне қояды.  
Барлық өсімдіктердің сыртқы қабаты микроағзалар мен саңы-
рауқұлақтардың  спораларымен  ластанған,  ал  зақымданбаған,  сау 
өсімдіктердің ішкі ұлпалары стерильді деп есептеледі. Өсімдіктер-
дің  сыртын  залалсыздандыру  үшін  көптеген  химиялық  заттарды 
пайдалануға болады. Олардың ішінде белсенді хлорлы қосылыстар 
(натрий  гипохлориті,  калий  гипохлориті,  хлорлы  əк,  хлорамин), 
сынап  (сулема,  диоцид),  сутегінің  асқын  тотығы,  этил  спирті  жиі 
қолданылады. Бром, күкірт қышқылы, фенол сирек, ал антибиотик-
тер ерекше бір жағдайларда ғана қолданылады. Залалсыздандыру-
шы  заттардың  түрін,  концентрациясын  жəне  өңдеу  уақытының 
ұзақтығын  анықтау  стерильденетін  өсімдік  қабығының  тығызды-
ғына,  қалыңдығы  мен  сезімталдығына  байланысты.  Залалсыздан-


26                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
дырушы заттар төмендегі талаптарға сəйкес болулары тиіс: а) өсім-
діктің  сыртқы  бөлігіндегі  саңырауқұлақтар  мен  микроағзалардың 
спораларын  залалсыздандыра  отырып,  оның  ішкі  ұлпаларын 
зақымдамауы тиіс; б)  өсімдікті өңдеп  болған  соң заттың  стериль-
денген  сумен  тез  жуылуы  немесе  тез  арада  ыдырап  кету  қасиеті 
болуы тиіс. Стерильдеу жұмыстарын бастамас бұрын қақпағы бар 
4  залалсызданған  ыдыс  дайындайды,  оның  біреуіне  стерильдеуші 
ерітінді  құйып  толтырады,  қалғандарына  стерильденген  дистиль-
денген  су  құяды.  Тазаланған  жəне  дистильденген  суда  жуылған 
өсімдік материалын бірнеше секундқа 96%-дық этил спиртіне ба-
тырып,  содан  кейін  оны  стерильдеуші  ерітіндіге  салады  да,  осы 
кезден бастап уақытты белгілейді. Стерильдеу уақыты аяқталысы-
мен  өсімдік  материалын  стерильденген  пинцет  көмегімен  залал-
сызданған су құйылған ыдыстарға салады да, əрқайсысында 5 ми-
нуттен  ұстайды.  Осылай  залалсызданған  өсімдік  материалын 
стерильденген  Петри  тостағаншасына  салып,  оның  мүшелерін, 
ұлпаларын  жəне  т.б.  бөліктерін  жасанды  қоректік  ортаға  отырғы-
зуға пайдаланады.  
Бірінші  кезеңде  қоректік  ортаға  отырғызылған  өсімдік  жасу-
шалары  өзіне  тəн  функцияларының  көбісін  жоғалтып,  дедиффе-
ренциацияға ұшырайды да, каллус ұлпалары пайда болады. Жасу-
ша  құрылымдық  жəне  химиялық  тұрғыдан  неғұрлым  аз  жіктелсе 
(дифференциацияланса), соғұрлым каллус алу оңай болады. Іn vitro 
жағдайда  алынған  каллус  ұлпасы  кəдімгі  жасушаларға  тəн  құры-
лымы жоқ, аморфты, жұқа қабықты паренхималық жасушалардан 
тұрады.  Екінші  кезеңде  С.  Мурасиге,  Ф.  Скуг,  Р.  Готре  теория 
бойынша  каллус  ұлпаларында,  редифференциация  процестерінің 
нəтижесінде,  морфогенез  жəне  регенерация  процесі  басталады. 
Яғни  өсімдік  жасушаларының  ерекше  қасиеті – тотипотентік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет