С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет3/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

ƏОЖ 60(075.8) 
КБЖ 28.57я73 
 
 
© Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж., 2014  
ISBN 978-601-04-0676-6                                                      Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014 
Т 86 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        3 
 
К І Р І С П Е 
 
 
 
 
  
Биотехнология  (гр.  bios – тiршiлiк,  techne – өнер,  шеберлiк, 
logos – сөз) – экономикалық жағынан тиiмдi де маңызды заттар өн-
дiру  жəне  жоғары  өнiмдiлiгi  бар  микроағзалар  штамдарын,  өсiм-
дiктердiң  сұрыптары  мен  формаларын,  жануарлардың  асыл  тұ-
қымдарын шығару үшiн биологиялық процестер мен нысаналарын 
пайдалануға  негiзделген  ғылым  мен  өндiрiстiң  жаңа  саласы. 
Өсімдіктер биотехнологиясы жалпы биотехнологияның бір саласы 
болып  табылады.  Өсімдіктер  биотехнологиясының  негізгі  нысан-
дары – өсімдік жасушалары мен ұлпалар. 
Биотехнология ғылыми-техникалық өрлеудің маңызды бағыт-
тарының  бiрi  болып  табылады.  Биологиялық  жəне  техникалық 
ғылымдар саласындағы генетикалық жəне жасушалық инженерия-
дағы осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде, адамдардың өмiр сүру 
деңгейiн  көтеру  үшiн  мақсатты  түрде  жасалған  тiрi  жүйелердiң 
барлық  мүмкiндiктерiн  пайдалануға  болады.  Биотехнологиялық 
өнiмнiң көмегiмен жақын болашақта да, стратегиялық тұрғыда да 
өндiрiстiк-технологиялық,  экологиялық  жəне  əлеуметтiк-экономи-
калық мəселелер шешiлуде. 
Биотехнологияның  қалыптасуы  ғылыми-техникалық  дамумен 
етене  байланысты.  Өсімдіктер  биотехнологиясы  көптеген  ғылым-
дардың  түйісуі  арқасында  пайда  болған,  сондықтан  оның  дамуы 
молекулалық  биология,  биофизика,  биохимия,  жасушалық  жəне 
молекулалық биотехнология жетістіктеріне жəне де қазіргі заман-
ның инженерлік технологияларына негізделеді.  
Өсімдік  биотехнологиясының  теориялық  мəселелерін  шешу 
үшін  іn vіtro  жасанды  жасушалары  пайдаланылады.  Сонымен  қа-
тар,  биотехнологияда  өсімдіктердің  жасушалық  қатары,  субжасу-
шалық  макромолекулалық  құрылымдар  қолданылады.  Бірақ  био-
объектілерді  ірі  өнеркəсіптік  масштабта  пайдалану  үшін  техноло-
гияны  өндіру  керек.  Сонымен  қатар,  өнеркəсіптік  биотехнология-


4                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
ның  теориялық  негіздерін  білу  керек,  яғни  жеке  жасушалардың 
жəне жасушалық популяцияның физиологиялық дамуы заңдылық-
тары,  биосинтезінің  ерекшелігі,  ферменттердің  белсенділігін 
реттейтін механизмдерді білу қажет.  
Биотехнологиялық,  биохимиялық  жəне  микробиологиялық 
əдістерді  өнеркəсіпте  қолданып,  адамға  қажетті  өнімдерді  (мыса-
лы,  биологиялық  белсенді  заттар,  дəрумендер,  гликозидтер, 
гормондар)  алуға  болады.  Биотехнологиялық  əдiстермен  өндiрiл-
ген  фармацевтикалық  өнiмдердiң  əлемдiк  бағыты  биотехнология-
лық нарықтың жартысына жуығын құрайды. Оларға емдеу, фито-
препараттар,  өсімдік  рекомбинантты  вакциналар,  дəрі-дəрмектер, 
биосенсорлар,  профилактикалық  құралдардың  бəрі  жатады.  Жа-
сушалық инженерия жəне гендік инженерия арқылы жаңа заттар-
ды, өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығару мүмкіншіліктері қолға 
алынды. Қазiргi уақытта препараттарының гендiк инженерия арқы-
лы  өндiрiсi  биотехнологиялық  фарминдустрияда  жетекшi  сектор 
болып табылады.  
 
 
 
 
 
Бұл  оқу  құралының  мақсаты  −  өсімдік  биотехнологияның 
қысқаша  теориялық  негіздерімен  қатар  практикалық  негіздерін 
бірдей игерту. Осы оқу құралының ерекшелігі – студенттерге өзін-
дік  бақылауды  жүргізу  үшін  тест  тапсырмалары  жəне  пысықтау 
сұрақтарының  берілуінде.  Сонымен  қатар,  зертханалық  тəжірибе-
лерде кездесетін есептер мен оларды шығару тəсілдері көрсетілген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет