Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер
9
өсімдіктер мен жануарларды вирустік аурудан сақтайтын
жəне зиян келтіретін құрт-құмырсқадан қорғайтын биоло-
гиялық препараттарды енгізу, сонымен қатар биотикалық
жəне абиотикалық факторларға төзімді өсімдіктердің жаңа
сұрыптарды алу, оларды ауыл шаруашылығына енгізу;
жем қоспаларды (жем белокпен, аминқышқылдармен
лизин жəне метионинмен байытылған қоспаларды) мал
өнімділігін арттыру үшін оларды өндіріп, практикада
қолдану;
тамақ-тағам өндірісінде, химиялық, микробиологиялық
жəне өнеркəсіптің тағы басқа салаларында қолданылатын
экономикалық тиімді заттарды алудың жаңа техно-
логияларын енгізу;
ауылшаруашылықтық, өнеркəсіптік қалдықтарды, қоқыс-
ты қайта өндеп, сарқынды суды пайдаланып сапалы ты-
найтқыштарды жəне биогазды, биоэтанолды, биогенді
көмірсутектерді (яғни қайта қалпына келетін жанармай-
дың энергияның көзі) алу үшін жаңа технологияларды
енгізу, яғни, биоконверсия жасау).
Сонымен қатар
биотехнологияның мақсаттары – биофарма-
цевтикалық препараттарды өндіру (протеиндерді, ферменттерді,
антиденелерді, т.с.с.), генетикалық өзгерілген (модификациялан-
ған) өсімдіктерді алу жəне оларды ауылшаруашылыққа енгізу,
жанармайды биологиялық тəсілдерімен өндіру, өнеркəсіптің əр-
түрлі салалар үшін ферменттерді жəне биоматериалдарды шығару,
жоғары сатыдағы ағзалардың геномды белгілеу жəне түзету (кор-
рекциялау), ластанған қоршаған ортаны тазарту.
Достарыңызбен бөлісу: