С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет4/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

 
 
 
 
 
 
 
 
 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        5 
 
 
б ө л і м 
 
 
Өсімдіктер биотехнологиясы 
бойынша теориялық мəліметтер 
СӨЖ бақылауға арналған есеп жəне 
тест тапсырмалары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 т а р а у.  
Биотехнологияның даму тарихы 
 
 
Биотехнология  биологиялық,  химиялық,  техникалық  ғылым 
арқылы түзіледі. Биотехнология − өте күрделi, интегралды ғылым. 
Сондықтан оның теориялық негiзi биология ғылымының көптеген 
салаларынан (цитология, физиология, генетика, биохимия т.б.) нəр 
алып,  ұсыныстарын  сiңiрiп,  олардың  басты  принциптерi  мен 
əдiстерiн өзiне бағындыру арқылы қалыптасқан. 
Голландиялық  ғалым  Е.  Хаувинк  биотехнологияның  пайда 
болуы мен даму тарихының 5 ғылыми кезеңін ажыратқан. Олар:  
1


6                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
1-кезең (1865 ж.) – Пастерге дейінгі кезең – сыра, шарап, нан 
өнімдері  жəне  сыра  ашытқыларын,  ірімшік  алғандағы 
спирттік  жəне  сүт  қышқылды  ашытуды  қолдану,  сірке 
қышқылын жəне ферментативті өнімдерді алу.  
2-кезең (1866-1940 ж.) – Пастер  кезеңі – этанол,  бутанол, 
ацетон,  глицерин,  органикалық  қышқылдарды,  вакцина-
ларды,  сондай-ақ  көмірсулардан  азықтық  ашытқыларды 
өндіру, канализациялық суды аэробты тазалау.  
3-кезең (1940-1960 ж.) − антибиотиктер өндіру кезеңі – те-
реңдетілген ферментация жолымен пенициллин жəне басқа 
антибиотиктерді,  вирустық  вакциналарды  алу.  Өсімдік 
жасушаларын  in vitro жағдайында  өсіру.  Стероидтардың 
микробиологиялық биотрансформациясын жүзеге асыру.  
4-кезең (1961-1975 ж.)  −  меңгерілетін  биосинтез,  яғни  мик-
робты  мутанттар  көмегімен  амин  қышқылдарын  өндіру, 
тазартылған  ферменттік  препараттар  алу,  иммобилденген 
ферменттерді жəне жасушаларды өндірісте қолдану, бакте-
риалды полисахаридтерді өндіру. Канализациялық суларды 
анаэробты тазалау жəне биогаз алу.  
5-кезең (1973 жылдан бастап) − жаңа биотехнология – био-
синтез  агенттерін  алу  мақсатында  жасушалық  жəне  гене-
тикалық  инженерияны  қолдану.  Моноклонды  антидене-
лерді  өндіретін  будандарды,  протопласттарды  жəне 
меристемді  дақылдарды  будандастырып  алу,  эмбрион-
дарды трансплантациялау.  
«Биотехнология»  терминін  алғаш  рет 1917 ж.  венгр  ғалым 
Карл Эрике енгізді. 
Өсімдік  биотехнологиясының  дамуына  өз  үлесін  қосқан  ға-
лымдар:  І.Р.  Рақымбаев,  М.Ə.  Айтхожин,  Г.Ж.  Уəлиханова,  
Р.Г. Бутенко, Ю. Глеба, О. Сидоров жəне басқалар. 
Биотехнология физика-химиялық биология, молекулалық био-
логия,  генетика,  микробиология,  биоорганикалық  химиямен  өте 
тығыз  байланысты.  Биотехнологияның  əдістері  мен  принциптері 
осы ғылыми салаларға негізделеді, себебі ол тірі ағзалардың белгілі 
биохимиялық  процестерді  пайдалану  арқылы  тиімді  өнімдерді 
өндірістік жолмен алудың əртүрлі тəсілдері жүйесінен тұрады.  


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        7 
Биотехнологиялық жолмен алынатын өнiмдерге көптеген дəрi-
дəрмектер,  ақуыздар  мен  ферменттiк  препараттар,  қанық  табиғи 
бояулар, ароматизаторлар, дəрумендер жəне тағы басқа да биоло-
гиялық белсенді қосындылар кiредi. Биотехнологиялық əдiстердiң 
көмегiмен селекция процесiн жүргiзуде ежелден қолданылып келе 
жатқан тəсiлдердi (будандастыру, мутагенез, сұрыптау т.б.) едəуiр 
жеңiлдетуге,  тездетуге  болады.  Биотехнологиялық  тəсілдер  арқы-
лы,  əсіресе,  биоинженерия  (жасушалық  инженерия,  гендiк  инже-
нерия) тəсілдері арқылы өсiмдiктердiң сапалы сұрыптары, малдың 
асыл тұқымдары, микроағзалардың аса өнiмдi штамдары алынады. 
Сонымен  биотехнология −  биологиялық  процестердiң  өту  заңды-
лықтарын терең зерттеп, ұғу, биологиялық нысаналардың қызметiн 
пайдалану  негiзiнде  iске  асырылатын  қазiргi  заманның  өте  тиiмдi 
де биiк деңгейдегi технологиясы болып табылады. 
Биотехнологиядағы  ғылыми-зерттеулер  мен  технологиялық 
жұмыстардың  объектілеріне  микроағзалар,  жануарлар  мен  өсім-
діктердің жасушалары мен ұлпалары жатады. Жасуша физиология-
сының метаболизмін, генетикасын зерттеу, зертханалық жағдайда 
дақылдандыру əдісін жасау, өндірістік биомасса көлемін арттыру, 
жасушалық  метаболиттерді  бөліп  алу  жəне  тазарту  биотехноло-
гияда  бір  ғана  мақсатты  көздейді,  ол  −  адам  тіршілігіне  пайдалы 
өнімдерді  түзетін  микроағза  штамын,  жануар  мен  өсімдік  жасу-
шасын дақылдандыруды жасау. Бұл жағдайда биологиялық ныса-
наларының сапалық сипаттамасына биологиялық өнім құндылығы 
тəуелді  болады.  Сондықтан  продуцент  микроағзалардың  биоло-
гиялық  қасиеттерін  зерттеу,  сұрыптап  алу,  генетикалық  түрлен-
діру, трансгенді жануарлар мен өсімдіктерді алу негізінен биотех-
нологиялық  үдерісте  негізгі  буын  тізбегінің,  биологиялық 
технология бастамасы болып саналады.  
Сонымен  қатар  биотехнология  −  пайдалы-шаруашылық  мақ-
сатта медициналық тəжірибе, экологияны жақсарту жəне т.б. үшін 
продуцент  есебінде  жануарларды,  өсімдіктерді  жəне  микроағза-
ларды  қолданумен,  технологиялық  үдірістердің  туындауымен, 
жетілдіруімен  байланысты  ғылым.  Сондай-ақ,  биотехнологияның 
жетiстiктерiн  экономиканы  дамыту  үшiн  қолдануға  байланысты 
ауылшаруашылық биотехнологиясы, медициналық биотехнология, 
геобиотехнология,  биоэлектроника,  биоэнергетика,  экологиялық 


8                                                Тұрашева С.К., Оразова С.Б., Уəлиханова Г.Ж. 
 
биотехнология, бионанотехнология сияқты салалар қалыптасты (1-
сурет).  Үстіміздегі  жиырмажылдықта  биотехнологияның  жаңа 
бағыты − ғарыштық биотехнология дами бастады. 
Биотехнология  ғылыми  пəн  жəне  өндірістік  технология  ре-
тінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапа-
лы өндірушілік қабілеті бар жəне əртүрлі салаларда: ауыл шаруа-
шылығында,  фармацевтикада,  медицинада,  тағам  өнеркəсібінде, 
биоэнергетикада,  қоршаған  орта  ремедиациясында,  биоэлектро-
никада,  тағы  басқаларда  қолданылатын  жаңа  объектілерді  құрып, 
жетілдіру  мақсатына  арналған  жұмыс  бойынша  орасан  көңіл 
бөледі.  Биотехнология  жоғары  технологиялардың  қазіргі  саласы 
есебінде, оның тірі ағзалары мен биологиялық үдірістерін құрайды 
жəне əртүрлі ауылшаруашылық, өнеркəсіптік, экологиялық, имму-
нобиотехнологиялық өзіндік ғылыми бағыттар бойынша дамиды. 
Жаңа  құнды  өнімді  алу  үшін,  жаңа  сұрып  пен  асыл  тұқым-
дарын алу мақсатымен биотехнологияда: гендік жəне хромосомды 
инженерия,  жасушалық  инженерия,  жасушалық  селекция,  инже-
нерлік энзимология, криосақтау сияқты бірнеше əдіс пайдаланады. 
  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет