үзіліссіз өсіреді. Бұл жасушаларды сұйық қоректік ортаның
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру тəсілі. Сонымен қатар,
жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіреді – жасушалар өсетін
сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп
тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу қарқыны мен оның төгіліп
сыртқа шығу қарқыны бірдей болады. Сонымен қатар ағынды-
ағынсыз жүйеде өсіру мен жасушаларды ағынды ашық жүйеде
өсіру тəсілдері бар. Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру – сұйық қоректік ортада өскен жасушалар суспензиясының бір
бөлігі оқтын-оқтын алынып тұрады, оның орнына нақ сондай
мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады. Жасушаларды