С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет28/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   217
Байланысты:
ebin.pub 9786010406766

2-сурет. Морфогенезге қабілеті бойынша ерекшелінетін 
каллус ұлпалары 
 
Каллус ұлпаларының өсуін бағалау үшін оның бастапқы бел-
гілі  бір  массасының  бірлігіне  сəйкес  келетін  каллустың  ылғалды 
немесе құрғақ массасының өсуін есептейді. Ол үшін пассаж жаса-
ғаннан 10 күннен кейін каллустарды электронды таразыда өлшей-
ді. Каллус ұлпасының өсімін мына формула бойынша есептейді: 
 
,
W
W
W
W
0
0
t


 
 
мұнда  W
t
 – каллустың  соңғы  массасы, W
0
 – каллустың  бастапқы 
массасы. 


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер                        29 
Каллус неғұрлым қоректік ортада көп уақыт болса, соғұрлым 
оның морфогенетикалық жəне регенерациялық потенциалы төмен-
дей  береді.  Негізінде,  өсімдік-регенеранттарын  алу  жеке  ұлпалар 
мен жасушаларды жасанды жағдайда өсірудің негізгі мақсаттары-
ның бірі болып табылады. Жаңа қоректік ортаға отырғызу уақыты 
ұзарған  сайын  (пассаж  саны  көбейген  сайын)  регенеранттардың 
тіршілік етуге қабілеттілігі төмендей береді, себебі қоректік ортада 
ұзақ  уақыт  өсірілген  каллус  жасушаларында  хромосомалардың 
саны  өзгеріп,  хромосомалық  өзгерістер  байқалады,  нəтижесінде 
анеуплоидия  жəне  эуплоидия  құбылыстарының  пайда  болуына 
əкеп соғады. In vitro жағдайда өсетін өсімдік жасушаларының гене-
тикалық тұрақсыздығы эксплант бөлу кезінде коррелятивтік байла-
ныстардың  бұзылуы  нəтижесінде  де  пайда  болады.  Қалыптасқан 
каллус  жасушаларында  жəне  эмбриоидтарда  жасушалар  өсуіне 
қажетті заттар өзі синтезделінеді, сондықтан оларды прототроф-
ты  культураларға  жатқызады,  яғни  арнайы  қоректік  заттарды 
қажет етпейтін жасушалар мен ағзалар. 
Керісінше, мутация салдарынан өзі түзе алмайтын заттың қо-
ректік ортада болуына мұқтаж жасушаны ауксотрофты деп атай-
ды. Өсімдік жасушаларды жасанды жағдайында өсіргенде кейде су 
режимі  бұзылғанынан  витрификация  пайда  болады.  Витрифика-
ция (vitro – əйнек) кезінде өсімдік жасушалары ісінеді, сабақтары 
жуандайды,  жапырақтары  ұзарып,  майысып,  суланып,  əйнек 
тəрізді болып кетеді. Іn vіtro жағдайда өсімдіктерде транспирация 
болмағандықтан, артық су жиналып, олар суға аса қанық болады. 
Оны жою үшін ыдыстағы ауаның ылғалдылығын төмендетеді 
Каллус ұлпаны сұйық ортада өсіргенде суспензия пайда бола-
ды. Суспензиялы дақыл алу үшін 2-3 г жаңадан пайда болған бор-
пылдақ  каллус  ұлпасын 60-100 мл  сұйық  қоректік  ортаға  салады. 
Осы  каллус  ұлпасын  (алғашқы,  бастапқы  суспензия)  колбадағы 
сұйық  қоректік  ортада  айналып  отыратын  шайқағышта (120-140 
айналым/мин жылдамдықта) шайқай отырып өсіреді немесе өнер-
кəсіптік  жағдайында  биореакторлардың  ішінде  өсіреді.  Суспен-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет